«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

(Бесінші шақырылымның сегiзiншi сессиясы)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 106-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

1. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырылымы қырқыншы сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне (2012 жылғы 6 қаңтардағы №1791 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 қаңтардағы №6-7 (21223-24) «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2012 жылғы 14 қаңтардағы №6 (23921) «Северный Казахстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

 

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 88 291 216,9 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер – 10 180 395,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 588 140,7 мың теңге;

трансферттер түсімі – 77 522 680,7 мың теңге;

2) шығындар – 89 481 221,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 059 297,8 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 2 819 766 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 760 465,9 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 716 900 мың теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 717 500 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 600 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – – 3 966 202,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 966 202,7 мың теңге.»;

11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«11. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың және Петропавл қаласының бюджеттеріне 3 018 167 мың теңге сомадағы нысаналы трансферттер және кредиттер көзделсін.

Аталған сомаларды бөлу облыс әкімдігінің 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысымен айқындалады.»;

12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«12. 2012 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының резерві 4 499,1 мың теңге сомада бекітілсін.»;

көрсетілген шешімге 1, 5-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).

2. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат

VIII сессиясының төрағасы

К. МҰСЫРМАН.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы

Қ. ЕДІРЕСОВ.

Осы нормативтік-құқықтық акт 19 қараша 2012 жылы мемлекеттік тіркеуден өтті және СҚО әділет департаментімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №1953 еңгізілді.

2012 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облыстық бюджеті


 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp