“КаР-Тел” мен “2Day Telecom” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері Петропавл қаласында FTTB (fiber-to-the-building) талшықтық-оптикалық технология бойынша жоғары жылдамдықты “Үйдегі Интернет” желісіне 8000-шы абоненттің қосылғандығын хабарлайды. Мерейтойлық абонент қараша айы бойы кең жолақты Интернет желісін тегін пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оған “Beeline”-нің брендтелген сыйлықтары тапсырылады.
“КаР-Тел” ЖШС-нің Петропавлдағы FTTB бағыты бойынша жетекшісі Юрий Молофеев: “Бүгінде еліміздегі өзге Интернет операторларының ешқайсысы Интернет арқылы ақпаратты дәл осындай жылдамдықпен жібере алмайды. Сондықтан “КаР-Тел” ЖШС (Beeline) соңғы 3 жыл бойы Қазақстандағы №1 Интернет провайдері атанып отыр”, – деді.
“Үйдегі Интернет” қызметі тұрғын үйлердің талшықтық-оптикалық желі бойынша секундына – 50, ал танымал қазақстандық ресурстарға 100 Мбит/с-қа дейін жылдамдықпен тегін қосылуын қарастырады. “Үйдегі Интернет” қызметін пайдаланушыларына қосылу ақысыз және оны орнату үшін қосымша модем сияқты құрылғылар қажет емес. Талшықтық-оптикалық байланыс желілері бойынша қосылу үшін небары желілік төлемі (Fast Ethernet LAN adapter) бар компьютердің болғаны жеткілікті.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласындағы “Beeline”-нің клиенттері, нақты айтқанда, барлық тұрғындар мүлдем лимитсіз төрт тарифтік жоспарды пайдалана алады. Нақты лимитсіз ұсыныстың қосылуына орай абоненттер енді Интернеттен қажетті көлемді көшіріп алу мен оның жылдамдығы туралы алаңдамайтын болады. Жаңа тарифтік жоспардың жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шексіз трафик көлемін пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, 3000 теңгеге “Нақты лимитсіз 10” үнемді тарифтік жоспарын 10 Мб/с жылдамдығында лимит сіз пайдалануға болады. 30Мб/с жылдамдығындағы “Нақты лимитсіз 30” тарифтік ұсынысы Интернетті жиі пайдаланатындарға арналған. Төлемақы – 3900 теңге. Табысты абоненттер 4500 теңгеге 50 Мб/с жылдамдығындағы “Нақты лимитсіз 50”-ді қалауына болады.
Ал электронды поштаны қарап, түрлі месенджерлер арқылы ақпар алмасуға арналған “Қолжетімді лимитсіз” тариф жоспарының жылдамдығы 10 Мб/с және трафик шегіне жеткеннен кейін, яғни 5 Гб аяқталған соң Интернет желісіне шығатын жылдамдық 128 Кбит/секқа дейін төмендеуі қарастырылған. Келесі айдан бастап бастапқы жылдамдық қайта қалпына келеді.
“Үйдегі Интернет” қызметі және қызметті қосу мәселелері бойынша +7(7152) 467070 телефоны арқылы немесе e-mail: hel-pinfo@beeline.kz және http:provod.beeline.kz ресми сайттарынан біле аласыздар.
(Өз тілшімізден).