«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДАҒЫ АЙТУЛЫ МЕРЕКЕЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте басқармалар, департаменттер мен қала кәсіпорындары басшыларының қатысуымен алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне дайындық барысын және осы атаулы күндерге орай кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне сыйақы беру бастамасын қараған кеңес өтті.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеңесті ашқан облыс әкімі Серік Біләлов алдымен жоспарланған мерекелік шараларға тоқталды.

– Биыл алғаш рет атап өтілгелі отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің мерекелік бағдарламалары жасалып, соған сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың залы ашылады, “Солтүстікқазақстандықтар – Президенттің сенімді тірегі” деген тақырыпта деректі фильм дайындауда. Сонымен бірге облыс аудандарында “Дамыған мемлекет құрудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі” деген тақырыпта конференциялар өтеді. Одан кейін жыл мәресіне таяу еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі тойланады. Елбасымыздың басшылығымен біз барлық салада тамаша жетістіктерге қол жеткіздік, облысымыз алдағы мерекеге толымды табысттармен келіп отыр. Осындай қуанышты сәтте еңбек адамдарына мерекелік сый-сияпат көрсеткен артық емес. Бұл бастаманы кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қолдап, қаржылық жағдайларына қарай қызметкерлеріне сыйақылар береді деп ойлаймын, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің бастамасын жиналғандар бірауыздан қолдап, атаулы мерекелерде еңбек ұжымдарының мүшелеріне сыйақы берілетінін жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp