«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, жаңа құрамы сайланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Петропавл қалалық Мәдениет үйінде “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Онда солтүстікқазақстандық нұротандықтардың 2011-2012 жылдардағы жұмысы туралы саяси кеңес төрағасы, облыс әкімі Серік Біләловтің есебі тыңдалды. Аталмыш шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Серікжан Қанаев, Жанат Жарасов пен аумақтық партия ұйымдарынан сайланған 235 делегат қатысты.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

– “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізіліп отырғаны баршамыз үшін маңызды. Елбасы, партияның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді жаңғырту мақсатында алдымызға ауқымды міндеттер қойған болатын. Оларды орындау үшін облыстық филиал ауқымды жұмыс атқаруда, – дей келіп, “Нұр Отан” ХДП ОФ төрағасы, өңір басшысы Серік Біләлов партия тұғырнамасына сәйкес облыста жүзеге асырылып жатқан тоғыз басым бағытқа тоқталды, алдағы уақытта шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты салалардан партияға мүшелерді көбірек қабылдау мәселесіне назар аудару керектігін алға тартты.

“Қазақстан Халық банкі” ЖЗҚ ОФ директоры, “Нұр Отан” ХДП-нің облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Райхан Әбдірахманова, Ақжар ауданының әкімі, партияның аумақтық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров, “Жас Отан” жастар қанаты ОФ-нің атқарушы хатшысы Самат Жәкенов, “Агрохимснаб” ЖШС директоры, Есіл аудандық мәслихатындағы депутаттар фракциясының жетекшісі Василий Шкодин, Аққайың ауданындағы Полтавка ОМ мұғалімі Галина Осипова, Тайынша ауданындағы партияның аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анархан Дүйсенова атқарылған жұмыстар жайлы айта келіп, партияның өңірлік филиалының жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Парламент Мәжілісіндегі “Нұр Отан” ХДП депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Серікжан Қанаев елдегі бірлік, сыбайлас жемқорлықпен күрес, билік партиясына лайықты адамдарды сайлау жайында ой қозғады.

“Нұр Отан” ХДП СҚ ОФ-ның бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Тамара Ткаченконың атқарылған жұмыс жайындағы есебі тыңдалып, бірауыздан мақұлданды.

Өңірлік филиал саяси кеңесінің құрамына – 43, бақылау-тексеру комиссиясына 5 партия мүшесі сайланды. Саяси кеңестің 13 адамнан тұратын бюро мүшелері де осы күні белгілі болды.

Конференция соңында Серік Біләлов облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарманың бастығы – Тәртіптік кеңес төрағасы Тілеген Қаскинге “Нұр Отан” ХДП-нің “Белсенді қызметі үшін” төсбелгісін, бір топ партия белсенділеріне Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етті.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp