Қарашаның 21-і күні Мағжан Жұмабаев ауданының Таманское ауылына 7 шақырым жерде үсіп қалып, қайтыс болған 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Белгілі болғаны, қараңғы түсе таксиге отырып, аталмыш елді мекенге “Возвышенка – Советское” тас жолымен келе жатқанда автокөлік қарда батып қалған. Өз күшіне сенген жігіт таксишіні жіберіп, 2 шақырым қалған ауылға қысқа жолмен тура жетемін деп адасып кеткен. Денесін толық үсік шалып, өмірі қыршыннан қиылған азамат – биылғы қыстың алғашқы құрбаны.
Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департамент адам өліміне жол бермеу үшін және ауа райының өзгеруіне байланысты тұрғындарды қысқы жағдайда сақ болуға шақырады. Азаматтар қыс кезінде ауа райы туралы ақпаратқа құлақ асып, далаға шыққан кезде сақ болу қажеттігін ескертеді.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.