«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАЗЫМ БАСПАСЫН ДЕСЕК…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде “Дін. Мәдениет. Адам” тақырыбында конференция өткізді.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде ұйымдастырылған конференцияға дінтанушылар, дін өкілдері және құзырлы органдардың мамандары қатысты.

Жастар алдында сөз сөйлеген философия ғылымының кандидаты, профессор Александр Никифоров діни сауаттылық туралы айта келіп, ұлт және діни көзқарас екі бөлек екендігін баса айтты. Яғни, адамның діни көзқарасы әркімнің өз қалауына сай қалыптасатындығын жеткізді. Ал “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Доценко өңіріміздің тұрғындары арасында жүргізілген сауалнамаға тоқталды. Сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызы Құдайға сенетіндіктерін айтса, олардың тек 6 пайызы діни кітаптар оқиды екен. Ал бұл олардың діни сауаттылығының төмен екендігін және теріс ағымдардың қармағына оңай түсетіндігін көрсетеді.

Конференция барысында жастарға еліміздің дін туралы заңнамалары кеңінен таныстырылып, қазіргі жастардың нанымсенімдері жайлы сөз болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp