«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН МАСҚАРАШЫЛЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданының 22 жастағы тұрғыны өз ауылдастарының қолынан қаза тапты. Қаскөйлер жігітті қорлап, тұншықтырып өлтірген.

Баласы үйге қонуға келмеген соң анасы полицияға шағымданған. Кешкілік онымен бірге болған жолдастары оқиғаны жасырмақ болғанымен, екі күн өткен соң мәнжайды жайып салған. Барлығы бірге арақ ішіп, кейін топ ішіндегі бір жігіт марқұмды көлге қарай алып кеткен. Осы маңда іздеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қамыс арасынан әлгі із-түзсіз жоғалған жігіттің мүрдесі табылды. Оның ауыр дене жарақаттарынан қаза тапқаны белгілі болды.

Оқиға былай болған. Үш жолдасы жәбірленушіні қорлаған. Әлгі жігітті арақ ішуге мәжбүрлеп, оны ақыры өлтіріп тыныпты. Көлге апарып, теледидардың сымымен тұншықтырған. Өлгеніне көз жеткізген соң аузына арақ құйып, қарға көміп кеткен.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті үш жігіт уақытша оқшаулағышқа тоғытылды. Сараптама мен тергеу жүргізілуде.

* * *

Қызылжар ауданының Якорь ауылында қанды оқиға орын алды. Ер адам зайыбын күрек сабымен ұрып өлтірді.

Жұмыстан келген кезінде ол әйелінің мал жайламастан ұйықтап қалғанын көрген. Отағасы 39 жастағы әйелдің кейінгі кезде араққа салынып кеткенін байқаған. Зайыбын оятпақ болғанымен, бұдан түк шықпаған соң өзі ішімдік ішкен. Ызаға булыққан үй иесі әйелді ұйқысынан тұрғызып, оны күрек сабымен ұрған. Кейін өзі ұйықтап қалған. Оянған кезінде зайыбының өліп қалғанын байқап, полиция шақыртқан.

Денеге ауыр жарақат келтіру салдарынан адам өлімі орын алуына байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp