«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Достық үйінде мәдениет қайраткері Владимир Кардашовты еске алу кеші өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

2003 жылы ол облыстық филармонияның камералық хорын құрған болатын. Он жылға жуық уақыт бойы қызылжарлық өнерсүйер қауым саз әлеміне жетелейтін аталмыш ұжымның концерттерін зор ықыласпен тамашалап келді. Мұндай кештер біздің өңірде сирек орын алатындықтан, тыңдармандар қатары әрдайым қалың болатын. Аталмыш өнер ұжымының сүйемелдеуінсіз облыстық филармонияда бүгінде бірде-бір кеш өтпейді. Талай концерттердің көркіне айнала білген хор өнерпаздарының таңдаған әндері бірнеше тілде орындалады.

Еске алу кеші барысында осындай өнер ұжымын дүниеге әкелген Владимир Кардашовтың кісілік келбеті мен мәдениет саласында қалдырған өшпес ізі сөз болды. Ақын Сергей Снурницын, педагогтер Елена Мещеркина мен Людмила Нечаева – марқұммен бірге қызмет еткен жандар, олар мәдениет қайраткерінің еңбек жолына тоқталды. Владимир Максимович бірнеше жыл бойы өнер колледжі жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты басқарды. Аталмыш білім ордасының оқушылары да осы кеште өнер көрсетіп, қошеметке бөленді.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp