Бақыт БАСЫҒАРИНА,
Әдия МАКИНА,
Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары.
Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік тілде білім алатын 1-2-ші курс оқушылары арасында “Ел Президенті – Ұлт көшбасшысы” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған саяси саңлақ, дара тұлға екендігін таныту, саяси білім беру.
Осы шараға “Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев пен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әдия Ахметова қатысты. Олар Қазақстанның Елбасының басшылығымен қол жеткізген толағай табыстары мен Тұңғыш Президентіміздің зор еңбегі жайлы жастарға үлгі ретінде баяндап берді.
“Дөңгелек үстелде” Елбасының өмір жолы, оның мемлекетті көркейтіп, дамыту жолындағы қызметі жайлы әңгіме қозғалды. Оқушылар “дөңгелек үстел” барысында Елбасының сүйіп тыңдайтын “Дударай” әнін орындады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл 5 қыркүйекте оқыған “Қазақстан білім қоғамы” жолында дәрісін қайта тыңдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.