«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УКРАИНАДА ҚАЛДЫ ІЗІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Достық үйінде “ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өткізілді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Шараға қатысушылар Елбасының жастық шағы, 1960 жылы Украинаның Днепродзержинск қаласында білім қуған кезін әңгіме өзегіне айналдырып, елдегі саяси-экономикалық тұрақтылық, этнос-аралық татулық Тұңғыш Президенттің есімімен қатар аталатын жетістік десті. Украин этномәдени бірлестігінің мұрындық болуымен өткен шара барысында аталмыш ұйым төрағасы Аркадий Польшаков Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси өсу жолында Украинада оқыған жылдары ерекше із қалдырғандығын айта келіп, жиналғандарға фотосуреттер арқылы Президенттің жастық шағы жайында мол мағлұмат берді. Сонымен бірге Днепро-дзержинск қаласында қазақстандық кинематографистердің Елбасы туралы фильм түсіріп жатқандығын хабарлады. Екі сериядан тұратын екінші фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың Днепродзержинск қаласында оқу оқыған кезеңі және грек-рим күресіне деген қызығушылығы ғана емес, металлургия комбинатында тәжірибеден өтуі, досы Николай Литошкомен бірге күреспен айналысуы және алғашқы махаббаты да көрсетіледі.

Өңірлік этномәдени бірлестіктерінің мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы тарихи рөлі хақында әңгіме шертті. Басқосуға қонақ болып келген жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тың бастамасы екендігі, Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің мүддесін қамтамасыз етуші бірегей институттың жұмысы, келісім мен татулықта өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың бай тәжірибесі АҚШ пен Еуропа елдерін қызықтырып отырғандығы айтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp