«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНДЫҚ ЖҮНІСБАЕВ – АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

Тайынша ауданы бойынша “Халықтық IPO” бағдарламасына қатысып, “ҚазТрансОйл” АҚ-ның акцияларын сатып алған алғашқылардың бірі – Киров ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қуандық Жүнісбаев (суретте). “Халықтық IPO” бағдарламасына қатысу үшін ол білікті “Қазпочта” АҚ брокерінің көмегімен құнды қағаздарын ұсынған компанияға шығып, алғашқылардың бірі болып шарт жасасты.

“Қазпочта” АҚ брокері оған орталық депозитарийде брокерлік жеке шотын ашып бергеннен кейін, Қуандық Жүнісбаев 50 мың теңге көлемінде ақша салып, акциялар сатып алды. Ұлы мен қызының болашағын ойлаған жанашыр әке осылайша “ҚазТрансОйл” АҚ-ның инвесторы атанды. Құнды қағазды қомақты қаражатқа айналдырудан үміті зор. Қуандық Ермекұлы алдағы уақытта IPO-ға басқа да компаниялардың акцияларын сатып алуды да жоспарлап отыр.

Тайынша қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp