«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI:
1. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінің жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
-
Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.