«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік орман қорында және соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

(Бесінші шақырылымның ________ сессиясы)

«Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 506-бабы 1-тармағына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI:

1. 2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік орман қорында және соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары №1 қосымшаға сай белгіленсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013-2015 жылдарға арналған мемлекеттік орман қорында және соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өз қажеттіліктері үшін жеке тұлғалардың жабайы жемістер, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрілік шикізаттар мен басқа жанама орман ресурстарын рұқсат беру құжаттарынсыз жинау нормалары №2 қосымшаға сай белгіленсін.

  1. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp