«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптада “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ өкілдері облыстық кәсіптік-педагогикалық колледж оқушыларымен кездесті.

Бұл шараға қатысқан өрт сөндіру мамандарын кәсіби даярлау мектебі бастығының орынбасары Ноян Бектембаев оқушыларға Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандарына тиесілі адами қасиеттер жайында әңгіме өрбітіп, ТЖМ мамандары қызметтерінің артықшылығы, оның маңыздылығы мен жауапкершілігі жайлы баяндады. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жеке құрамы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, өрт сөндіруге, апаттарды, табиғи апаттарды жоюға қызмет ететіндігін атап айтты.

Өрт сөндіру маманының облыста орын алған тілсіз жауды бұғалықтау кезінде қызметкерлердің батылдық танытқан ерен ерлігі жайындағы әңгімесін қызығушылықпен тыңдаған оқушылар назарына Қазақстан Республикасының қалыптасуы тақырыбында бейнефильм ұсынылды.

СҚО ТЖД-нің “ӨС және АҚЖҚ” баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp