Қарағанды қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден Қазақстан чемпионаты өтті. Сайысқа Петропавлдағы акробатикадан мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де қатысқан болатын. Дүбірлі додада жеті облыстың құрамалары сынға түсті.
Аталмыш байрақты додада 8 жерлес спортшы облыс намысын қорғаған болатын. Сайыс барысында акробаттық жолақта секіруден жекелей есепте Елизавета Мец үшінші орынды жеңіп алса, Мария Топорищева – 1, Артем Подовинников пен Алена Щелкунова – 2, Сергей Клюкин 3-ші орын алды. Виталий Дель жүлделі – 1, Александр Шашков – 2, ал 1997-1999 жылдары туғандар арасында Сергей Клюкин – 2, 1994-1996 жылы туғандар арасында Елена Клепинина үздіктер қатарынан көрініп, 1-орынды жеңіп алды.
Командалық есепте қыздар арасында Е.Мец, М.Топорищева, А.Щелкунова 1-орынға көтерілді.