«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАМСАНДЫРҒАН “ТУҒАН ЖЕР”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Фототілшіміз Амангелді Бекмұратовтың мына суретінде Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткен “Туған жер” би ансамблінің концертінен көрініс бейнеленген. ҚР мәдениет қайраткері Михаил Лахтиннің өнер ұжымы кеште қазақ, өзбек, тәжік, орыс билерін орындады. Би кешіне келген өнер­сүйер қауым ерекше рухтанып, шабыттанып қайтты. Жергілікті тұрғындарға концерттің ұнағаны соншалық – орындалған әрбір биге дуылдата қол шапалақтап, сахнадан біразға дейін жібермей тұрып алды. Әсіресе, көрермен қауым “Қара жорға” биін зор ықыласпен қабыл алды.

Өнер ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астанада концерт бермек. Мереке алдындағы өз театрымызда болған концертке келген қауым би ұжымының сый-тартуына риза болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp