Петропавл қаласы 2012 жылғы 23 қараша №336
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы №89 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 18 мамырдағы №1623 тіркелді және 2006 жылғы 24 мамырда “Северный Казахстан” №61 газетінде, 2006 жылғы 24 мамырда “Солтүстік Қазақстан” №61 газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. БІЛӘЛОВ.