Петропавл қаласы 2012 жылғы 7 қараша №322
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. А. САПАРОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт 2012 жылдың 26 қарашасында облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №1968.