«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әсия ЕЛЕУКИНА,

облыстық салық департаментінің бас маманы.

Мемлекетті дамытудың маңызды міндеттерінің бірі жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет және тиімді басқару құрылымын құру болып табылады. Елбасы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және қылмысқа жол бермеу жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Жемқорлықпен күрес көбінесе оны туындататын себептер мен жағдайларды ашуға және есепке алуға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді орындауға өкілетті немесе оларға теңестірілген тұлғалардың мынадай іс-әрекеттері жемқорлыққа жағдай жасайтын болып есептеледі:

– басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;

– шешімдерді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық жасау;

– кәсіпкерлік пен кіріс алумен байланысты қызметті және заңға сәйкес басқа да іс-әрекеттерді жүргізуде кімге болса да кез келген заңнамада қарастырылмаған ықпал жасау.

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстық салық департаменті салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің құқықтық білім деңгейін көтеру үшін айтарлықтай жұмыстар жүргізуде, атап айтқанда, тұрақты негізде техникалық оқулар, “дөңгелек үстелдер”, семинарлар өткізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық пен күрес, салық заңнамасы, Ар-намыс кодексі және басқа нормативтік-құқықтық актілер туралы заңнамаларды түсіндіру жөнінде жарияланымдар беріледі.

Сонымен бірге салық органдарына сенімді арттыру мақсатында жемқорлықпен күреске ерекше назар аударылады, оның бой көтеруінің алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданады, сол сияқты тұрақты негізде департамент қызметкерлері арасында жемқорлыққа төзімсіздік тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізіледі, оның оң нәтижелері салық қызметі органдарының өз ішіндегі сияқты, тұрғындар арасында да жемқорлықты жоюға ықпал етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp