Облыс орталығындағы №1 боулинг орталығында өңірлік БАҚ өкілдерінің арасында боулингтен турнир өтті. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған жарысқа 9 команда қатысты.
Қалам мен микрофон ұстаған журналистер қауымы өздерінің спортта да осал еместіктерін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілер құрамасы 591 ұпаймен топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.
“Все будет хорошо!” газетінің редакциясы 549 ұпаймен екінші орынға ие болса, 536 ұпайға қол жеткізген “КазахЗерно” газетінің журналистері үшінші болды.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.