Петропавл қаласы 2012 жылғы 23 қараша №335
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
“Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту туралы” 2007 жылғы 2 қазандағы №227 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1657 тіркелді және 2007 жылғы 30 қарашадағы “Северный Казахстан” газетінде, 2007 жылғы 30 қарашадағы “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды);
“Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 2 қазандағы №227 қаулысына толықтыру енгізу туралы” 2009 жылғы 7 қазандағы №251 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1725 тіркелді және 2009 жылғы 6 қарашадағы “Северный Казахстан” газетінде, 2009 жылғы 6 қарашадағы “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. БІЛӘЛОВ.