«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ АЙДЫНЫ ҚЫСТА ДА ҚАУІПТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,

суда құтқару

қызметінің бастығы.

 

Аязды күндер басталысымен, су айдындары өте қауіпті аймаққа айналады. Төтенше жағдайлар туғызатын алғашқы мұз қатады, мұз адам салмағын көтеретіндей болып көрінеді. Бірақ бұл алдамшы. Осы кезде мұз бетіне шығу, оның үстіне балалар ойындарын ұйымдастыру өзін-өзі өлтірумен тең.

Мұз бекігеннен кейін де қырағылықты жоғалтпаған жөн. Мұз үстінде болған кезде міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Бір адамның дене салмағын қалыңдығы 7 см. мұз көтере алады, ал бірнеше адамды көтеру үшін мұздың қалыңдығы 15 см. болуы қажет.

Әрине, қыс кезінде әрбір балықшының жанында болуы тиіс жеке құтқару құралдары жайлы айтпай кету мүмкін емес. Мұз астына кеткен адамға көмек көрсету үшін әрбір балықшыда ұзындығы 12-15 метрден кем емес мықты арқан болуы қажет. Балықшының өзімен бірге су бетінде адамды көтеріп тұра алатын бір тілім тығыз пенопласт болса, артықтық етпейді.

Бақытсыз жағдай бола қалса, не істеу керек? Зардап шегуші жылымға жармаса, су бетінде ұсталынып тұруы тиіс және мұз бетіне шығуға тырысуы қажет, ал маңындағылар дереу көмекке келулері керек. Қол астындағы кез келген қолайлы құралдардың – ұзын бөкебай, таяқ немесе жіптің көмегімен адамды тез арада жағаға шығару керек, өйтпегенде, су болған киімдері оны тереңге қарай тартады. Құтқарылған адамды тез арада жылытып, оған алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Көкшетау қаласы маңындағы көлдердің бірінде балықшының мұз астына кету оқиғасы орын алды. Ол құтылып шыққанымен, кейінірек ер адам суық өтіп кеткендіктен, жан тапсырды…

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp