«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАП КҮШЕЙЕ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген мемлекеттік саясаттың арқасында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінде халықаралық сарапшылар мойындаған ауқымды өзгерістер болды.

Елбасы “командалық ауысым” тәжірибесін тоқтату туралы тапсырма берді. Меритократияны, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбектерін бағалауды дамыту мақсатында ауыстыру арқылы тағайындау мемлекеттік органдар ішінде ғана жүзеге асады. Бұл мемлекеттік органдардың тұрақтылығын арттырады және мемлекеттік орган ішінде мансаптық өсуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2011 жылғы 25 тамыздағы №02-01-02/176 бұйрығына сәйкес атқарған қызмет тізіміне жаңа бөлім енгізілгендігі маңызды болып табылады. Басшы қызмет тізіміне қол қоя отырып, берілген мәліметтердің шынайылығы, үміткерлердің кәсібилігін бағалау үшін өзіне жауапкершілік алады.

Бүгінде адами ресурстар мемлекет дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Кадрлық резервті пайдалану мен қалыптастыру бойынша айтарлықтай өзгерістер қарастырылып отырғаны қуантады. Енді конкурстық комиссиялар кадрлық резервті тек белгілі мемлекеттік органға ұсына алады. Басқа мемлекеттік органдар ұсынған резервтегілер тағайындалмайтын болады.

 

Тілеген ҚАСКИН,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқарма бастығы.

Уақыт бір орында тұрмайды, алға қарай жылжу керек.

Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласындағы түбегейлі ұсыныстар қоғамымызды сапалы жаңа деңгейге шығарады. Шешілуге тиісті міндеттер ауқымы қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерісті талап етеді. Олар бәсекеге қабілеттіліктің, үдемелі индустрияландыру мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрлерінің сапасын арттыруға, ең алдымен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 21.07. 2011 жылғы №119 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. Осыған байланысты 2011 жылы қыркүйек айында кадр қызметі еңбеккерлерінің сарапшылар кеңесі ұйымдастырылды. Оның құрамына облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің тәжірибелі басшылары кірді. Олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды өзгерту бойынша 30-дан астам ұсыныс жасады және енгізді. Кадр қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды құлшыныспен қабыл алды.

Қабылданған шаралар мемлекеттік қызметшілер кадрларын іріктеу жүйесіне, қоғамға қызмет етуге барынша лайықты кадрларды іріктеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, жеке жетістіктерін тану негізінде олардың қызмет бабымен өсуіне жұртшылықтың сенімін арттырады.

“Туыстық”, “жеке басына берілгендік”, “жерлестік”, тағы басқа да ұғымдар түбегейлі жойылып, Отанымыздың барлық азаматтарының еңбек етуге конституциялық құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізу мүмкіндігіне ие болулары аса маңызды.

Заңға тұңғыш рет қызмет әдебі туралы жеке тарауды енгізу қарастырылған. Онда Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәртібі кодексінің нормалары енгізілген. Оларға сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау үлгісін көрсетуге, азаматтардың жүгіністеріне сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабар беру. Бұл еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының, кадрлық қызметтерінің жауапкершіліктері артуда. “Лауазымды орындарға тұлғаларды заңсыз тағайындағаны және (немесе) оларды жұмыстан босатқаны”, “әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің заңсыз тәртіптік жазаға тартылғаны”, “конкурстың өткізілу тәртібінің бұзылғаны”, “тестік тапсырмалар мен басқа да конкурстық сұрақтар мазмұнының жарияланғаны”, сонымен қатар заңсыз кадрлық шешімдер үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі енгізілуде. Туыстық, жеке басына берілгендік, жерлестік қағидаларын басшылыққа алатын басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне азаматтарды іріктеудің конкурстық тәртібінің тиімділігін, шынайылығын және жариялылығын арттыруға айтарлықтай өзгеріс енгізілді.

Тестілеу нақты мемлекеттік органдағы конкурстық іріктеуге қатыссыз өткізілетін болады. Тестілеу нәтижелері жөнінде жинаған ұпайдың қорытындысы бойынша азаматтарға конкурстық іріктеуге қатысуға құқық беретін сертификат беріледі. Осылайша конкурстық процедураларды өткізу уақыты үш есе қысқарады.

Мемлекеттік қызметке тұру тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, оған әр уақытта “ұлтқа қызмет ету” түсінігін қастерлейтін мамандар келе бермейді, алайда, конкурстық іріктеу шараларының жариялылығы ондай кездейсоқтықтың санын мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша облыста тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап мемлекеттік қызметке 1519 адам келді, соның ішінде конкурстық негізде – 334 немесе 22% және үстіміздегі жылы конкурстық негізде азаматтарды қабылдау бойынша оң серпін сақталуда.

Сондықтан да конкурстық іріктеу кезінде жариялылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы 2012 жылдың 3 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауда бақылау бөлімінің кеңесшісіне конкурстық іріктеу жүргізу кезінде бақылаушылар ретінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мәслихат депутаттары, журналистер шақырылды. 1 бос лауазымдық орынға 12 адам қатысты.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды басқаруды бағалау бөлімінің бастығы мен консультанттарына жарияланған екінші конкурсқа 41 кандидат қатысып, бір орынға 10 адамнан келді. Конкурстың өту кезіне бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктер басшылары, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығының директоры, психолог, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өткен конкурстар бойынша қорытынды жасау кезінде білікті, кәсіби даярланған мамандарға басымдық берілді.

Сонымен қатар Петропавл қаласында, сондай-ақ аудандарға шығу кездерінде мемлекеттік органдардың конкурстық комиссиясы отырыстарына қатысу басқармамыздың тәжірибесіне енген, бұл әділ шешім қабылдауға оң әсерін тигізеді.

Елбасы “командалық ауысым” тәжірибесін тоқтату туралы тапсырма берді. Меритократияны, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбектерін бағалауды дамыту мақсатында ауыстыру арқылы тағайындау мемлекеттік органдар ішінде ғана жүзеге асады. Бұл мемлекеттік органдардың тұрақтылығын арттырады және мемлекеттік орган ішінде мансаптық өсуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2011 жылғы 25 тамыздағы №02-01-02/176 бұйрығына сәйкес атқарған қызмет тізіміне жаңа бөлім енгізілгендігі маңызды болып табылады. Басшы қызмет тізіміне қол қоя отырып, берілген мәліметтердің шынайылығы, үміткерлердің кәсібилігін бағалау үшін өзіне жауапкершілік алады.

Бүгінде адами ресурстар мемлекет дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Кадрлық резервті пайдалану мен қалыптастыру бойынша айтарлықтай өзгерістер қарастырылып отырғаны қуантады. Енді конкурстық комиссиялар кадрлық резервті тек белгілі мемлекеттік органға ұсына алады. Басқа мемлекеттік органдар ұсынған резервтегілер тағайындалмайтын болады.

Қазіргі таңда мемлекеттің және мемлекеттік қызметтің алдында түбегейлі жаңа міндеттер тұр, алайда олардың мақсаты бір – ол әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыру. Бұл міндеттерді шешу көбінесе мемлекеттік қызметтің басқарушы құрамының кәсіптік деңгейіне байланысты. Осыған орай мемлекеттік қызметтің басқару элитасына “А” корпусын құру жоспарланған. Оның құрамына кәсіби менеджерлер енеді. Олар мемлекеттік саясаттың бірізділігі мен жүйелілігін қамтамасыз ететін нақты бағыттарын жүзеге асырады және тактикалық деңгейде жоспарлаумен айналысады. Басқаша айтқанда, бұл – стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы белсенді топ, мемлекеттік органның ұзақмерзімді міндеттері мен кадрлық саясаты сабақтастығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың негізгі ұйытқысы, кадрлық өзегі.

“А” басқару корпусы кадрлық резервін қалыптастыру мен “А” корпусының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты кадрлық саясатты жүргізуді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадрлық саясат жөніндегі білікті ұлттық комиссия жүзеге асырады. Кадрлық қызметтер рөлін арттыру жөніндегі мәселе дер кезінде бекітілді және кадрлық қызметтер басшыларына арнайы біліктілік талаптары белгіленетін болады.

Мемлекеттік органдарды тексеру барысындағы құқық бұзушылықты талдау бүгінгі күні аудандарда, облыстарда конкурстық, аттестаттау және тәртіптік комиссиялардың бірыңғай кадрлық қызметтерін құру қажеттігін көрсетті.

Бұл мәселе, әсіресе, аудандық деңгейде шынымен өзекті болып отыр. Тәжірибе жүзінде кадрлық жұмыс негізгі қызметі басқа міндеттерді орындайтын қызметшілерге қосымша жүктеме ретінде тапсырылған. Бұл норманы жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігі мен кәсібилігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен тиімділігін анықтау мақсатында жыл сайын бағалау енгізу көзделген, бұл кадрлық шешімдер қабылдау және ынталандыру үшін негіз болады. Өте пайдалы тәлімгерлік, ауысу және мансаптық жоспарлау институттары енгізілуде.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасы мен СҚО салық комитеті департаментінде тұжырымдама қабылданғаннан бастап тәлімгерлік қолданысқа енгізілді. Біз осындай жаңашылдық заңнама жүзінде бекітілетінін шын ниетімізбен қабылдаймыз. Мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде кадрлық резервке алынғандардың кәсіби оқуы мен тәжірибе жинақтауы үшін тағылымдамадан өту қарастырылған.

Бұған қоса алдағы уақытта Қазақстанның беткеұстар дарынды және болашағы бар мемлекеттік қызметшілерімен жұмыс жүйесін қалыптастыру ойластырылуда. Ол үшін оқыту мен кәсіби дамытудың арнайы бағдарламасы жасалуда.

Бүгінде “дарындыларды басқару” бойынша халықаралық, соның ішінде Франция тәжірибесі зерттелуде.

2012 жылғы 15 қарашадағы мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау аясында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасы және СҚО әкімдігінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығы ENTO (жергілікті атқарушы органдар үшін оқу орындарының еуропалық жүйесі) желісі бойынша online режимінде Париж қаласында өткен жыл сайынғы 25-ші халықаралық конференцияға қатысты. Конференция барысында:

– рекрутинг және басқару жобаларының еуропалық саясаты, стратегиялық менеджмент, қаржыландыру және дайындық: бағалау, нәтиже және мәселеге көзқарас;

– еуропалық басқару моделіне ауысу қажет пе;

– еуропалық аумақтық экономика және мемлекеттік/мемлекеттік емес агенттіктер, қандай өзгерістер қажет;

– Еуропа мемлекеттік қызметіне қолданылатын инновациялар мен технологиялар: нәтижелер мен болжамдар мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – Елбасы мақсат еткен стратегиялық міндет. Мұнда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы маңызды болып табылады. Бұл жағдайда олардың кәсібилігі мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылы әрі сапалы болуымен өлшенеді. Бұған қоса мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті тұтынушылармен қарымқатынас мәдениетін меңгерулері тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалауда олардың жұртшылыққа қолжетімдігі мен тұрғындардың оның сапасына қаншалықты қанағаттанатындығы ескеріледі. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқару кезінде адамдармен тікелей қатынасқа түсетіндіктен, олардың коммуникативтік біліктері мен дағдылары маңызды аспект болып табылады.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметке талап күшейтіліп отыр. Тез қарқынмен дамыған әлем жағдайларына жедел бейімделуге мүмкіндік беретін сызба бойынша жұмыс істеп, түбегейлі өзгерістер енгізетін уақыт жетті. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік қызметтің жаңа моделі инновациялық ұтқыр шешім болмақ.

Бұл тәсіл Қазақстан дамуының басым бағыттарын табысты жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын тиімділігі жоғары мемлекеттік аппарат құру мақсатында мемлекеттік қызметті кәсібилендіру міндетіне жауап береді.

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөнінде Елбасы алға қойған және аталмыш тұжырымдамада негізге алынған міндеттерді іске асыру мемлекеттік қызмет “ұлтқа және қоғамға қызмет ету” ұғымын білдіретін, мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекет тағдыры – біздің қолымызда, Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер еліміздің дамуының басты құралдарының бірі, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асырушылар болып табылады. Олар құбылмалы әлемде өзгерістерді үнемі бақылауға және талдауға, одан болашаққа болжам жасауға үйренулері керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына ену жөніндегі өршіл мақсатының табысты жүзеге асуы мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының белсенді әрекетіне, олардың жасампаздық үдерістегі өзгерістерге қатысуларына байланысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp