Серік ДҮЙСЕМБЕКОВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бастығы.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өртке қарсы қызметінде өткізілген аттестаттау қорытындыланды. Жоғары, Орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларының отырыстарында барлығы 835 офицер, прапорщик және аумақтық органдарда қатардағы қызметкерлер кәсіби біліктіліктерін тексерді. Солардың 687-сі лауазымдарына лайық деп танылды. 47 қызметкер кадр резервіне енгізіліп, жоғары лауазымдарға ұсынылды. 18-інің қызметі төмендетілетін болды. 7 адам басқа қызметтерге ауысатын болды. Ал 35 қызметкер жұмыстан босатылды.