Ішкі істер, қаржы полициясы және әділет органдарының қызметкерлері бірлесіп “Контрафакт” жеделалдын алу шарасын жүргізді.
Петропавл қаласының ірі сауда орындары – “Тайга”, “ЦОТ” және “Корона” аумағында 11 тексеріс ұйымдастырылды. Оның барысында үш мыңнан астам контрафактілік DVD диск заңсыз айналымнан алынды.
Облыс аудандарында 17 тексеріс жүргізіліп, 114 контрафактілік DVD диск алынды. Қазір барлық материалдар тергеу алдында жатыр, сараптама тағайындалды.
Облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі.