«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.11.2012

АКЦИЯЛАРДЫ САТУ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұрнағы күні облыстық әкімдікте “Халықтық IPO” бағдарламасы бойынша “ҚазТрансОйл” АҚ-ның акцияларын орналастырудың барысы туралы семинар өтті. Бұл басқосу аталмыш компания қызметкерлерінің бағалы қағаздарын сатылымға шығару шарасы кезіндегі инвесторлармен соңғы кездесуі. Өйткені, оның акцияларының жеке сатылу мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. Семинарда “ҚазТрансОйл” АҚ-ы шығыс филиалының “Петерфельд” өндірістік-диспетчерлік стансасы желісінің бастығы Ғалымжан …

АКЦИЯЛАРДЫ САТУ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Read More »

ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАТЫНДАР арасында Қызылжар ауданының әкімі де бар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бастығы Тілеген Қаскиннің төрағалық етуімен өткен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында Қызылжар ауданының әкімі мен Мамлют ауданы әкімінің орынбасарын қызметінен босату ұйғарылды. Онда барлығы 10 мәселе қаралды. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Мирзабек Гаджиев 2007 жылы мемлекеттік қызметке қабылданғанға дейін өз шаруа қожалығын …

ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАТЫНДАР арасында Қызылжар ауданының әкімі де бар Read More »

“ЖАС ҰЛАН – 2012” байқауының жеңімпаздары анықталды

29 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың қатысуымен “Жас ұлан” – Елбасының тірегі” деген тақырыпта өткен жылы ғана құрылған жасұландықтардың мерекелік форумы өтті. Онда “Жас ұлан – 2012” облыстық байқауының бірнеше санаттағы жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Қызылжар өңірінде бірінші рет ұйымдастырылып отырған салтанатқа аудан әкімдерінің орынбасарлары, …

“ЖАС ҰЛАН – 2012” байқауының жеңімпаздары анықталды Read More »

ЖАСТАР ФЛЕШМОБ ӨТКІЗДІ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығында студенттік жастар биржасы облыстық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, қоғамдық көліктерде флешмоб өткізді. Шараға қатысқан студенттік еңбек биржасының қызметкерлері мен қала жастары Петропавл қаласында “Пионер – Тайга” және “Пионер – Дарын мектебі” аялдамалары арасында қатынайтын №4 және №5 троллейбустарының жолаушыларына еліміздегі жастар мәселесін шешуге бағытталған бағдарламалар жайында мол ақпар жазылған …

ЖАСТАР ФЛЕШМОБ ӨТКІЗДІ Read More »

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ БАС РЕФОРМАШЫСЫ

Облыстық сотта бүгінгі мерекеге орай “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сот жүйесі мемлекеттілігінің және тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, құқық қорғау органдарының басшылары мен судьялар, журналистер қатысты. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Дөңгелек үстел” басына жиналғандардың ойы бір арнаға тоғысты. Петропавл қаласы №2 сотының судьясы Нұрсұлу Жапарованың …

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ БАС РЕФОРМАШЫСЫ Read More »

Бірінші Назарбаев оқулары: “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”

29 қарашада Назарбаев Университетінде Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсететін “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” тақырыбына арналған “Бірінші Назарбаев оқулары” халықаралық форумы басталды. Оған Австралия, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Венгрия, Италия, Испания, Қырғызстан, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ пен Франция, тағы да басқа 51 елдің белгілі ғалымдары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысуда. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Қарашаш …

Бірінші Назарбаев оқулары: “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР саммиттен алыпты көп әсер

Бұрнағы күні “Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі брифинг өткізіп, қарашаның 21-23 аралығында Астана қаласында өткен әйелдердің үшінші еуразиялық саммитінен алған әсерлерімен бөлісті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжан Сәмиеваның айтуынша, саммитке біздің өңірімізден 24 іскер қызкеліншек барған. Үш күн бойы Қазақстанның әр өңірінен келген іскер әйелдер “Мемлекет пен бизнестің …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР саммиттен алыпты көп әсер Read More »

ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БЕЙНЕЛЕНДІ

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Сәрсенбі күні облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Экстремизмге “жоқ” деп айт!” деген көрме-байқау өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі өткізген көрме-байқауға суретшілердің әртүрлі жұмыстары қойылды. Аталмыш байқаудың мақсаты – қоғамдағы экстремистік көзқарастың таралуына жол бермеу, адамгершілікке қарсы фанатизм мен радикализмге тосқауыл қою. Бұл тақырыптың таңдалуының мәні …

ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БЕЙНЕЛЕНДІ Read More »

МЕКТЕБІМІЗ ШЕТ ҚАЛМАДЫ

Айнаш РАМАЗАНОВА, қазақ мектеп-гимназиясының мұражай меңгерушісі. Қазақ мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент күніне орай айлық жоспар құрылып, біршама жұмыстар атқарылды. 1 қарашада Тұңғыш Президентке арналған мұражай экспозициясы ашылды. 1-15 қараша аралығында “Елі сүйген Елбасы” атты үш тілде шығармалар байқауы өткізілді. “Жарқын болашаққа бастаған Ұлт Көшбасшысы” атты ақындар байқауы да осы мерекеге арналды. Тарих пәндерінің мұғалімдері қала мектептері …

МЕКТЕБІМІЗ ШЕТ ҚАЛМАДЫ Read More »

ЖАСТАР ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

Облыстық әділет департаменті Тұңғыш Президент күніне орай М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің қатысуымен семинар өткізді. Әділет департаментінің қызметкерлері өз баяндамаларында ел аумағында зияткерлік меншіктің және оны құқықтық қорғаудың маңызы, өнеркәсіптік меншікті, тауарлық белгілерді пайдаланудың маңызды тұстарына көңіл бөлді. Сондай-ақ Тұңғыш Президентіміздің рөлі көрсетіліп, оның жетістіктері, құрметті атақтары, марапаттары жайында айтылды. Мамандар зияткерлік меншік құқығын қорғау …

ЖАСТАР ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРДІ Read More »

АСҚАР ТАУҒА ТЕҢЕДІК

Айсұлу ҚАПЕНОВА, Алқатерек орта мектебінің директоры. Мектебімізде Тұңғыш Президент күніне арналған әртүрлі іс-шаралар өтуде. Мәселен, әрбір сыныпта “Менің Президентім” тақырыбында тәрбие сағаттары, спорттық жарыстар, шығарма байқаулары ұйымдастырылды. Осы мерекеге арнап тарих маманы, өзінің мамандығына берілген жас мұғалім, өзіміздің мектептің түлегі Шынар Елемесқызы Елбасының өмір жолын үлгі ете отырып, Отанын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу мақсатында 9-сыныпта …

АСҚАР ТАУҒА ТЕҢЕДІК Read More »

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Бесінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының оныншы сессиясы 2012 жылғы желтоқсанның 7-сінде облыстық мәслихаттың үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38. Депутаттар жиналысының қарауына мынадай негізгі мәселелер ұсынылады: 1. “Солтүстік Қазақстан облысының 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы”. 2. Әртүрлі. Тұрақты комиссиялардың отырысы желтоқсанның 7-сінде облыстық мәслихаттың кіші залында өтеді.

БИЫЛ – ЖЕКЕ ЗАЛ, келесі жылы – мұражай

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше өңіріміздің мәдени өмірінде айтулы оқиға орын алды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залы ашылды. Оның ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов, зиялы қауым, ардагерлер өкілдері қатысты. – Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні аталып өтілмек. Осы мереке қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент залын ашып …

БИЫЛ – ЖЕКЕ ЗАЛ, келесі жылы – мұражай Read More »

ЕЛ ДАҢҚЫН АСЫРҒАН ЕР ТОЙЫ – елдің тойы

Арайлым СМАҒҰЛОВА,  “Солтүстік Қазақстан”.  Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс активінің Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналысы өтті.  Облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен өткен салтанатты шарада алдымен “Солтүстікқазақстандықтар – Тұңғыш Президенттің сенімді тірегі” деректі фильмі көрсетілді. Елімізде, өңірімізде тәуелсіздік жылдары Елбасының сындарлы саясатының арқасында өнеркәсіп, аграрлық, денсаулық сақтау, білім салаларында орын алған оң …

ЕЛ ДАҢҚЫН АСЫРҒАН ЕР ТОЙЫ – елдің тойы Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Тәуелсіз еліміздің күнтізбесіне тағы бір айтулы күн қосылды: биыл біз алғаш рет шынайы жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеміз. Бұл баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Мереке Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімінің, терең қадір-құрметінің жарқын …

Мерекелік құттықтау Read More »

ӨҢІРГЕ БЕЛГІЛІ 7 ТҰЛҒА ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ІХ сессиясы болып, онда 2012-2014 жылдарға арналған облыс бюджетіне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану жөніндегі сараптама комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, өңірге танымал жеті тұлғаға “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру туралы мәселелер қаралды. Сессияға өңір басшысы Серік Біләлов, …

ӨҢІРГЕ БЕЛГІЛІ 7 ТҰЛҒА ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ Read More »

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛДЫ

Қарашаның 28-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің, Үкімет мүшелерінің, құқық қорғау органдары өкілдерінің және бірқатар мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен өңірлердің даму мәселесіне арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты. Кеңесте Президент мемлекеттік қызметтің тиімділігін, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді атап көрсетті. Мемлекет басшысы …

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛДЫ Read More »

САРАБДАЛ САЯСАТ пен БЕКЕМ БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Бұрнағы күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың төрағалығымен өңір­­лерді дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңеске барлық деңгейдегі әкімдер, Үкімет мү­шелері, құқық қорғау ор­ган­дарының өкілдері, бір­қатар мемлекеттік органдар­дың басшылары қатысты. Мемлекет басшысы кеңес ба­рысында бүгінде Қазақстан ма­ңыз­ды мәселелерді шешу алдында тұрғанын атап өтті. – Біздің алдымызда шешімін күтіп тұрған өте маңызды үлкен мә­селелер бар. Еліміздің, халқы­мыз­дың ендігі …

САРАБДАЛ САЯСАТ пен БЕКЕМ БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ Read More »

ТАРИХИ ТАҢДАУ

Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы. Бұл күн кездейсоқ таң­далма­ды. Сонау 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті. Қазақстанда президенттік инс­титут Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты рес­публика Президенті етіп сай­лаған 1990 жылдың сәуірінде-ақ құ­рылғаны белгілі. Алайда­, Президенттің мәрте­бе­сі бірқатар шектеулермен тұсаулы болатын. Мәселен, 1990 жылы …

ТАРИХИ ТАҢДАУ Read More »

ЖYЗЕГЕ АСЫРЫЛFАН ЖОБАЛАР ел экономикасына қызмет етуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауында: “Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс”, – деп атап айтты. Қызылжар өңірі игілікті бастамаға орай ауқымды істерді қолға алып отыр. Қазақстанның индустрияландыру …

ЖYЗЕГЕ АСЫРЫЛFАН ЖОБАЛАР ел экономикасына қызмет етуде Read More »