«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ФЛЕШМОБ ӨТКІЗДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс орталығында студенттік жастар биржасы облыстық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, қоғамдық көліктерде флешмоб өткізді. Шараға қатысқан студенттік еңбек биржасының қызметкерлері мен қала жастары Петропавл қаласында “Пионер – Тайга” және “Пионер – Дарын мектебі” аялдамалары арасында қатынайтын №4 және №5 троллейбустарының жолаушыларына еліміздегі жастар мәселесін шешуге бағытталған бағдарламалар жайында мол ақпар жазылған 300-ден астам парақша таратты.

Екі сағаттай уақытқа созылған флешмобтың ұйымдастырушыларының бірі Яна Федорович: “Тұңғыш Президент күні жеке басқа ғана қатысты мереке емес деп санаймын. Ол қазақ халқының мемлекет боп қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Әрбір жақсы істің, жетістіктің артында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының есімі тұратыны айдан анық. Осының барлығы Тұңғыш Президенттің көрегендігінің арқасында жүзеге асқан бағдарламалар мен стратегиялар негізінде орындалуда”, – деп өз ойымен бөлісті.

Шараның мақсаты – қоғамдағы ел студенттері мен жастарға Елбасының бастамасымен қазіргі уақытта қолға алынып отырған бағдарламаларды таныстырып, оның нәтижесінде қол жеткізген оң өзгерістерге қала тұрғындарының назарын аудару.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp