«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ БАС РЕФОРМАШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сотта бүгінгі мерекеге орай “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сот жүйесі мемлекеттілігінің және тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, құқық қорғау органдарының басшылары мен судьялар, журналистер қатысты.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Дөңгелек үстел” басына жиналғандардың ойы бір арнаға тоғысты. Петропавл қаласы №2 сотының судьясы Нұрсұлу Жапарованың айтқанындай, тәуелсіз жиырма жылда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрындық болуымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Сот жүйесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бүгінде елде әділ соттың орнауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары лайықты дәрежеде қорғалып отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда бірнеше соттар құрылып, аталмыш жүйенің жаңа үлгісі қалыптасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан сот жүйесінің бас реформашысы, десті жиынға қатысушылар.

Сондай-ақ “Н.Назарбаев және халықаралық құқықтық кеңістіктегі ықпалдастық”, “Қазақстан мемлекеттілігіндегі “Назарбаев феномені” және тағы басқа тақырыптарда тұшымды пікірлер айтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp