«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР саммиттен алыпты көп әсер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні “Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі брифинг өткізіп, қарашаның 21-23 аралығында Астана қаласында өткен әйелдердің үшінші еуразиялық саммитінен алған әсерлерімен бөлісті.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжан Сәмиеваның айтуынша, саммитке біздің өңірімізден 24 іскер қызкеліншек барған. Үш күн бойы Қазақстанның әр өңірінен келген іскер әйелдер “Мемлекет пен бизнестің әріптестігін нығайту үшін әйел қауымының белсенді араласуы” мәселесін талқыға салған.

– Саммит барысында біз өзге өңірлердегі, шетелдердегі әріптестерімізбен кездесіп, пікір алмасып, тәжірибе бөлістік. Жиын барысында өткізілген тренингтерде пайдалы мағлұмат пен ақпараттан құлағдар болдық. Бұл әр іскер әйелдің алдағы уақытта биік жетістіктерге жете беруіне септігін тигізеді, – деді “Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжан Сәмиева.

Ауқымды шара аясында халықаралық конференция, іскерлік тренингтер және отандық өндіруші – бизнес ханымдардың қолымен жасалған өнімдер көрмесі өткен. Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеге тізгінін іскер әйелдер ұстап отырған 50-ге жуық кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды. Ұсынылған өнімдердің қатарында қазақы оюы бар сән киімдері, әшекей бұйымдар, тәтті тағамдар бар. Солтүстікқазақстандық делегация құрамында болған Аққайың ауданының “Полтавская” ЖШС-нің бірлескен құрылтайшысы Ақбөпе Зікірина аталмыш көрмеге өздері өндіретін азық-түлік түрлерін апарып, 3-орын иеленіпті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp