«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРГЕ БЕЛГІЛІ 7 ТҰЛҒА ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ІХ сессиясы болып, онда 2012-2014 жылдарға арналған облыс бюджетіне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану жөніндегі сараптама комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, өңірге танымал жеті тұлғаға “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру туралы мәселелер қаралды. Сессияға өңір басшысы Серік Біләлов, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат жетекшісі, ведомстволардың басшылары, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

“2012-2014 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы” облыстық сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы “СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы” ММ бастығының міндетін атқарушы Зиядден Молдағанапов баяндама жасап, онда қарастырылған нақтылауларды депутаттардың қарауына ұсынды. Өзгерістер түгел қабыл алынды.

Сессияда өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан ардагерлер Болат Сағындықовқа, Евгений Викторовқа, Құдайберген Қалиевке, дәрігер-кардиолог Михаил Телюкке, Солтүстік мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик Қанат Мыңжасовқа, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Ақселеу” ЖШС директоры Серік Малаевқа және Мағжан Жұмабаев ауданындағы “ЖНВ” ЖШС директоры Николай Жигаловқа “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру туралы облыс әкімінің ұсынысы бірауыздан қабылданды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp