«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛ – ЖЕКЕ ЗАЛ, келесі жылы – мұражай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше өңіріміздің мәдени өмірінде айтулы оқиға орын алды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залы ашылды. Оның ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов, зиялы қауым, ардагерлер өкілдері қатысты.

– Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні аталып өтілмек. Осы мереке қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент залын ашып отырмыз. Келесі жылы қосымша қажетті материалдар, құнды жәдігерлер жинап, Тұңғыш Президенттің жеке ғимараттағы мұражайын ашуды жоспарлаудамыз. Ол облыс орталығының көрнекті орнына, тәрбие орталығына айналуы тиіс, – деді Серік Біләлов.

Өңір басшысы Серік Біләлов жиналған қауыммен бірге Тұңғыш Президент залын аралады. Залдағы алты бөлімнен тұратын экспозицияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық тарихынан бастап әр жылдардағы өмірі мен қызметіне қатысты материалдар, жәдігерлер, фотосуреттер орналасқан. Экспозицияның ғылыми тұжырымдамасын мұражайдың тарихи-экспозициялық бөлімінің қызметкерлері, ал көркемдік тұжырымдамасын Алматы қаласындағы “Дара” фирмасы жасаған.

Залдың ерекше жәдігерлерінің арасында тәуелсіз Қазақстанның символы болып табылатын “Астана-Бәйтерек” мемориалдық кешенінің кішірейтілген көшірмесі, жергілікті суретші Алексей Шимов салған Тұңғыш Президенттің портреті, Елбасының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары барысында түсірілген суреттерден жасалған фотоальбом және т.б. бар. Сондай-ақ Мемлекет басшысы туралы түсірілген фильмдер көрсетіледі. Залдағы экспозициялар келушілердің ерекше ықыласын тудырары сөзсіз.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp