«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әділет департаменті Тұңғыш Президент күніне орай М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің қатысуымен семинар өткізді.

Әділет департаментінің қызметкерлері өз баяндамаларында ел аумағында зияткерлік меншіктің және оны құқықтық қорғаудың маңызы, өнеркәсіптік меншікті, тауарлық белгілерді пайдаланудың маңызды тұстарына көңіл бөлді. Сондай-ақ Тұңғыш Президентіміздің рөлі көрсетіліп, оның жетістіктері, құрметті атақтары, марапаттары жайында айтылды. Мамандар зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында атқарып отырған жұмыстары туралы да баяндады.

Студенттер кездесуге белсене қатысты, көптеген сұрақ қойып, жауап алды. Сонымен қатар жастар зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері бойынша өз пікірлерін де білдірді.

Семинар соңында қатысушыларға зияткерлік меншік жөнінде кітапшалар, жадынамалар таратылып, “Қарақшылықты бірге тоқтатайық” бейнеролигі көрсетілді.

СҚО бойынша әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp