«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖYЗЕГЕ АСЫРЫЛFАН ЖОБАЛАР ел экономикасына қызмет етуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауында: “Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс”, – деп атап айтты. Қызылжар өңірі игілікті бастамаға орай ауқымды істерді қолға алып отыр. Қазақстанның индустрияландыру картасына Солтүстік Қазақстан облысынан сомасы 42 млрд. теңгеден асатын 30 жоба енгізілген, жоба бойынша құрылыс кезінде – 1960, пайдалануға берілгенде 1968 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Тотыкамал ҚҰЛЖАНОВА, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

 

Күні бүгінге дейін өңірімізде 24 жоба жүзеге асырылды, оның 3-еуі – машина жасау саласында, 3-еуі – кен өндірісі өнеркәсібінде, 2-еуі – құрылыс индустриясында, 16-сы – агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығында.

Құрылыс нысандарын салуға 1500-дей адам тартылып, пайдалануға берілген кезде 800-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Іске қосылған нысандар үстіміздегі жылғы 10 айда 6 млрд. теңгеден астам соманың өнімдерін шығарды. Солардың кейбіреуіне тоқтала кетейік.

 

“ЗИКСТО” АҚ Қазақстан Республикасында бірінші болып болашағы зор екі жаңа жобаны – астық және ірі салмақты контейнерлер тасымалдайтын жүк вагондарын шығаруды жүзеге асырды. Олардың құрылымына қазіргі кезде барынша келешегі бар тежегіштің дара жүйесі қолданылды. Аталмыш жобаны телекөпір арқылы Елбасы іске қосқан болатын.

Тұңғыш Президенттің қатысуымен пайдалануға берілген жобаның екіншісі – Есіл ауданындағы “Егін” ЖШС-нің диірмен-макарон кешені. Онда итальяндық қондырғыда өз ұнынан жоғары сапалы макарон өндіріледі.

Тайынша ауданындағы “Тиолайн” ЖШС-і кен орнындағы құмды байыту технологиясын игеріп, титан-цирконий концентратын шығаруды жүзеге асырды, ол шетел нарығына шығарылады.

Облыс орталығындағы “Құрғақ көбік-бетон қоспасы зауыты” ЖШС құрғақ көбік-бетон және құрылыс қоспаларын шығаруды игерді. Өнім сертификатталған.

Ақжар ауданындағы “Шунгит” ЖШС-нің фабрикасы Швецияда шығарылған модульді үшдеңгейлі жабдықтармен жұмыс істейді. Қондырғылардың бұл түрі жартасты тау жыныстарынан жоғары өнімді және текше түрінде қиыршықтас алуға арналған.

Осы аудандағы тағы бір жобаны “Ақтөбе-GLASS” ЖШС жүзеге асырып жатыр. Онда құрғақ электромагнитті айыру әдісі қолданылады. Ол кварц құмындағы темір тотығын мемлекеттік стандарт талабына сәйкес азайтуға мүмкіндік береді. Серіктестік өнімін елімізден басқа Ресей Федерациясының әйнек шығаратын кәсіпорны пайдаланады.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “МаслоДел” ЖШС-іне қарасты Новоишим май өңдеу зауытына германиялық “C.IIIies” компаниясының технологиялық жабдығы орнатылған. Соның арқасында майлы дақылдарды өңдеу жөніндегі зауыттың қуаттылығы бір тәулікте 180-нен 400 тоннаға дейін артты.

Қызылжар ауданының орталығындағы “Молсервис” ЖШС-і Францияның заманауи қондырғыларымен жарақтандырылды. Жоба жоғары сапалы қауіпсіз өнімдер шығаруға, сүт пен салқындатылған сүт сусындарын өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Петропавлдағы “Мұнаймаш” АҚ ТМД-да теңдесі жоқ 12 дана американдық “HARDIMQE”, жапондық “Nakamura Tome”, бразилиялық “ROMI” қондырғыларымен жабдықталды. Оған “Қазақстанның даму банкі” арқылы 1,5 млрд. теңгенің инвестициясы жұмсалды. Соның арқасында еңбек өнімділігі 2 есе артып, қазақстандық үлесі бар өнім шығару 70 пайызға көбейіп, өнімнің өзіндік құны 20 пайызға азайды. Шығарылған өнім дүниежүзілік стандартқа сәйкес келеді. Осының өзі экспортқа бағдарланатын тауарлар тізімдемесін көбейтуге мүмкіндік береді. Аталмыш шетелдік қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар Ресей Федерациясындағы Воронеж қаласында арнайы курстан өтті. Еңбеккерлер ай сайын орта есеппен 70-120 мың теңге көлемінде жалақы алады, оларға тоқсан сайын айлық еңбекақы көлемінде сыйақы төленеді.

“Молпродукт” ЖШС заманауи жоғары технологиялы қондырғылармен жабдықталды. Жаңартылған зауыт сүт, йогурт және шырын түрлерін шығарумен айналысады. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 85 мың тонна. Инвестиция көлемі 3,6 млрд. теңгені құрайды.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp