«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСҚАР ТАУҒА ТЕҢЕДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айсұлу ҚАПЕНОВА,

Алқатерек орта мектебінің директоры.

Мектебімізде Тұңғыш Президент күніне арналған әртүрлі іс-шаралар өтуде. Мәселен, әрбір сыныпта “Менің Президентім” тақырыбында тәрбие сағаттары, спорттық жарыстар, шығарма байқаулары ұйымдастырылды.

Осы мерекеге арнап тарих маманы, өзінің мамандығына берілген жас мұғалім, өзіміздің мектептің түлегі Шынар Елемесқызы Елбасының өмір жолын үлгі ете отырып, Отанын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу мақсатында 9-сыныпта “Жаңа тарих – жарқын тұлға” ашық сабағын өткізді. Оқушылар слайд арқылы Президентіміздің туған жері, балалық шағы, ата-анасы туралы “Балалық шағымның аспаны” атты фильмінен үзінділер көріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Оқушылар әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Елбасымыз туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрді. Тұңғыш Президенттің кітаптарымен танысып, сурет-көрмесіне саяхат жасады. Сабақтың қорытындысында оқушылар өздерінің топтық шығармашылық жұмыстарында Президентімізді асқар тауға теңеп, халқының тірегіне айналған Елбасымызды мақтан тұтатындықтарын білдірді.

Мереке қарсаңында “Кеусен” ЖШС директоры Қайыркеш Жұматаев мектепке Тұңғыш Президентке арналған баннер сыйлады. Сол үшін Қайыркеш Бейсекеұлына мұғалімдердің, оқушылардың атынан алғысымды білдіремін.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp