«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БЕЙНЕЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Сәрсенбі күні облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Экстремизмге “жоқ” деп айт!” деген көрме-байқау өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі өткізген көрме-байқауға суретшілердің әртүрлі жұмыстары қойылды.

Аталмыш байқаудың мақсаты – қоғамдағы экстремистік көзқарастың таралуына жол бермеу, адамгершілікке қарсы фанатизм мен радикализмге тосқауыл қою. Бұл тақырыптың таңдалуының мәні – жастарды экстремистік күштердің деструктивті әсерінен қорғау.

Көрме-байқауды ұйымдастырушылардың бірі – “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Доценконың айтуынша, экстремизмнің қауіптілігін сөзбен жеткізудің өзіне кез келген адамның діни сауаттылығы жете бермесе, ал оны суретпен жеткізу мүлдем қиын. Осы орайда көрме-байқауға қатысқан сурет өнерінің өкілдері шеберліктерін танытқандай болды. Байқауға 21 автордың 40 жұмысы қойылды. Суретшілердің еңбектерін бағалаған кезде қазылар алқасы тақырыптың ашылу ерекшелігіне, ойдың тұтастығы мен кеңдігін, композициялық нақтылыққа аса мән берген.

Сонымен “Экстремизмге “жоқ” деп айт!” көрме-байқаудың қорытындысы бойынша оның жеңімпазы – өнер колледжінің оқытушысы Руслан Абдрафиков. Бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталған жеңімпаздардың айтуынша, экстремизмге қарсылық танытқан ақпараттық-насихаттық сипаттағы суреттері қоғам мүшелеріне ой салса, олар үшін зор мерей болмақ.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp