«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.12.2012

ТОЛҒАНЫП КЕЛГЕН ТОҒЫЗ АДАМ үміттерін үзбей тарқасты

Кеше “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Серік Біләлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 9 азамат келді. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында туындаған бірқатар мәселелерді айта келген тұрғындар осы күнге дейін электр жарығының жоқтығын, далаға аққан ауызсудың ақысын төлеуге қатысты түсініспеушіліктерді, мешіт құрылысын бастауға қаржылық көмек көрсету жөніндегі өтініштерін, …

ТОЛҒАНЫП КЕЛГЕН ТОҒЫЗ АДАМ үміттерін үзбей тарқасты Read More »

ҚҰРЫЛЫСҚА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ МОЛ, бірақ, игерілуі мәз емес

Құрылыс саласына қойылатын талап күшейді. Облыс әкімі Серік Біләлов орын алған кемшіліктерді жойып, тез арада жағдайды оңалтуды міндеттеді. Енді құрылыс компаниялары өз міндеттерін орындамаған жағдайда олармен жасалған келісім-шарт сот арқылы бұзылатын болады. Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист. Сергеевка және Булаево қалалары мен Явленка ауылында бой көтеріп келе жатқан емханалардың жағдайы сын көтермейді. “Диамир” құрылыс компаниясының директоры қажетті …

ҚҰРЫЛЫСҚА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ МОЛ, бірақ, игерілуі мәз емес Read More »

ӘСКЕРИЛЕР ДЕ ШЕТ ҚАЛМАДЫ

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Тұңғыш Президент күні мерекесін әскерилер де атап өтті. Олар СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментте салтанатты сап түзеді. Шараға департамент, басқарма және бөлімдердің барлық қызметкерлері қатысты. Жиналғандарды Петропавл гарнизонының бастығы Еркінбек Байболов, Қарулы күштердің ардагері Николай Белогуб, ауған соғысына қатысушы Жайлау Шәріпов және Чернобыль апатын жоюға атсалысқан Юрий Глумов құттықтады. Ел …

ӘСКЕРИЛЕР ДЕ ШЕТ ҚАЛМАДЫ Read More »

ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖҰРТ РИЗА

Тұңғыш Президент күніне орай қаламыздың базарларында жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы өнімдері сөрелерге қойылды. Аманжол НҰРТАЗИН, журналист.   Петропавлдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі барлық ірі сауда орындарында таңғы сағат сегіз жарымда басталды. Ерте ұйымдастырылғанына қарамастан, сауда жасаушылардың қарасы қалың болды. “Қызылжар” коммуналдық базарында өз өнімдерін Қызылжар, Есіл, Аққайың аудандары ұсынды. Олар ет, сүт өнімдері мен көкөністерді сөреге …

ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖҰРТ РИЗА Read More »

ҚЫСҚЫ СПОРТ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Ел көлемінде алғаш рет аталып өткен Тұңғыш Президент күнін солтүстікқазақстандықтар сақылдаған аязға қарамастан, сән-салтанатпен қарсы алды. Бұл айтулы күнге орай “Қарасай” стадионында облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен қысқы спорт маусымы ашылды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Саламатты өмір салтын берік ұстанған қызылжарлықтарды облыс әкімі ел тарихындағы жаңа жарқын мейраммен құттықтады. – Елбасының есімі барша қазақстандықтардың жеңісі …

ҚЫСҚЫ СПОРТ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ Read More »

СЕЙФКЕ ҒАНА СЕНСЕҢІЗ, саныңызды соғып қаласыз…

Облыста кәсіпорын сейфтерінен ірі көлемде қаржы ұрлау фактілері тіркелді. Екі оқиға да түнгі уақытта орын алған. Белгісіз тұлғалар облыс орталығындағы Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан кәсіпорындардың бірінің ғимаратына еш қиындықсыз кірген. Сейфті оңай ашып, 1 миллион теңгеден артық соманы қолды еткен. Кәсіпорын қызметкерлері ұрылардың ісін тек келесі күні байқаған. Ақша алуға келген кезде аузы ашық жатқан …

СЕЙФКЕ ҒАНА СЕНСЕҢІЗ, саныңызды соғып қаласыз… Read More »

САДАҚА ЖӘШІГІНЕ ҚОЛ САЛҒАН САБАЗ

Ерлан МАХМЕТОВ,  СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Тәртіп сақшылары Сергеевка қаласының тұрғынын садақа жәшігін ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұстады. Жасалған ұрлық жайында Шал ақын аудандық ішкі істер бөліміне хабар келіп түскен. Қаланың орталық көшесінің бойында орналасқан аяқкиім дүкеніндегі православие шіркеуінің салынуына қаражат жинайтын садақа жәшігі ұрланған екен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел тергеу тобы …

САДАҚА ЖӘШІГІНЕ ҚОЛ САЛҒАН САБАЗ Read More »

АРАҚТЫҢ ҚЫЗУЫМЕН КІСІ ӨЛТІРДІ

Петропавлдағы гараждардың бірінің жанынан 46 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды. Басы жарылған, киімі ашық-шашық әйелдің мүрдесін “Магистраль” гараж кооперативі жанынан өткендер байқаған. Жедел уәкілдер қылмысқа қатысы болуы мүмкін тұлғалардың мекенжайларын да тексеріске алған. Ақыры, тәртіп сақшылары Островский көшесінде орналасқан үйлердің бірінен түнгі қыдырыстың белгілері мен қанға боялған еденді анықтаған. Үй иесі әйел адам мен оның …

АРАҚТЫҢ ҚЫЗУЫМЕН КІСІ ӨЛТІРДІ Read More »

БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды

Петропавл қалалық соты Есіл аудандық ІІБ-нің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды. Сот үкімімен К.Сәрсенбаев пен Р.Козырев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабы 4-бөлігі “а” тармағы негізінде қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сонымен бірге сотталғандар мемлекеттік органдарда 3 жыл бойы қызмет атқару құқығынан …

БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды Read More »

МИССИОНЕРЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Облысымызға келген төрт дін таратушының әрқайсысына 161 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Аталмыш тұлғалар астаналық мешіттен облыс аумағына 40 күнге иманды тұрғындардың арасында діни өсиет айтуға келген. Олар уағыз айтуды Жамбыл ауданының Пресновка ауылындағы мешіттен бастаған. Бұдан әрі сол ауданның Айымжан ауылына аттанар сәтінде уағызшыларды полиция қызметкерлері тоқтатқан. Сот отырысында белгілі болғандай, миссионерлер біздің облысқа …

МИССИОНЕРЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ Read More »

ЕХРО-2017 – ЕҢ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА

Елена ВИССАРОВА, “Атамекен одағы” ҚҰЭП облыстық филиалының директоры. Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас ассамблеясында жасырын дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы 103 дауыс жинап, бельгиялық Льеж қаласының алдына шықты және ЕХРО-2017 көрмесінің өтетін орны болып жарияланды. ЕХРО-2017 тақырыбы – “Болашақтың қуаты”. Ол бүгінгі күннің және болашақтың да ең өзекті тақырыбы. Көрме қуатта, соның ішінде бәрінен бұрын …

ЕХРО-2017 – ЕҢ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА Read More »

ОҚУШЫЛАРДЫ КҮЛДІРДІ ДЕ, ОЙЛАНДЫРДЫ ДА

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА, “Абылай хан резиденциясы” КМҚК мұражайы бөлімінің меңгерушісі. “Абылай хан резиденциясы” КМҚК мұражай кешенінің қызметкерлері жақында қала мектептерінің бірінші сынып оқушылары арасында “Бірінші сыныпқа арнау” атты шара өткізді. Ал балабақшаларда қазақтың ұлттық ертегісі “Алдар Көсе және оның хикаялары” атты қойылым көрсетті. Біздің мұражай қызметкерлері қаламыздың №4,6,8,10 орта мектептеріне барып, олардың бірінші сынып оқушыларымен кездесті. …

ОҚУШЫЛАРДЫ КҮЛДІРДІ ДЕ, ОЙЛАНДЫРДЫ ДА Read More »

ОЗАТТАР МАРАПАТТАЛЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Облыстық кедендік бақылау департаментінде жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Департамент бастығы Әлібек Қартов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеден одағын құрудағы айтарлықтай үлесінің барлығы, атап айтқанда, Кеден одағы елдеріне экономикалық ынтымақтастықты тереңдету шараларын бірінші болып ұсынған да біздің Президентіміз болғаны мақтанышпен атап өтілді. Одан …

ОЗАТТАР МАРАПАТТАЛЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Read More »

КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРЛЕРІ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Кезінде абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан қызметкерлермен жылы байланысты үзбеуді дәстүрге айналдырғандардың бірі – кәсіптік одақтардың облыстық кеңесі. Аталмыш ұйымның бүгінгі ұжымы өздерінің зейнеткер әріптестеріне Тұңғыш Президент күні қарсаңында тағы бір сый-сияпат көрсетті. Ардагерлер үшін мұндай басқосулар үлкен қуаныш сыйлары анық. Олардың құрметіне жайылған дастарқан басында қариялар өткен өмірлерін сағына еске …

КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРЛЕРІ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ Елбасының игі істерін әңгіме етті

“Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы Тұңғыш Президент күніне арналған “дөңгелек үстел” ұйымдастырды. Аталмыш шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Инеш ШОҚАҚОВА, журналист. Елбасының мемлекеттегі мәдени құндылықтарды сақтаудағы рөлі зор, деді “дөңгелек үстелге” қатысушылар. Президенттің жетістіктерінің бірі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, жемісті жұмыс атқаруын атап өтуге болады. Елбасыны …

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ Елбасының игі істерін әңгіме етті Read More »

ПАРАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ПӘРМЕНДЕТІЛЕ ТҮСЕДІ Бұл – Тұңғыш Президентіміз қойып отырған қатаң талап

Мұрат БЕКМҰХАМЕТОВ, “Қаржы полициясы органдарының ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы. Сыбайлас жемқорлық – экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер. Оның деңгейі мен көлемі экономикалық дамуға, инвестициялық климатқа, мемлекет имиджіне, Қазақстанмен халықаралық ынтымақтастық мүддесіне теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Елбасы Нұрсұлтан …

ПАРАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ПӘРМЕНДЕТІЛЕ ТҮСЕДІ Бұл – Тұңғыш Президентіміз қойып отырған қатаң талап Read More »

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Арай НҰҒЫМАНОВА,  облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы. 2010 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталған заңға сай 2010 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы (балаларды) асырап, тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қорғаншылар немесе қамқоршыларға ең төменгі жалақы …

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ Read More »

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА шығармашылық қабілетті дамыту

Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика, информатика пәндері басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Солардың бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын …

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА шығармашылық қабілетті дамыту Read More »

КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІН ҮЙРЕНІП, инновациялық оқыту сапалы білім берудің кепілі екендігіне көзім жетті

Көкшетау қаласында өткен ІІІ (негізгі) деңгей курсының тыңдаушысы болуым маған жаңалық көздері мен білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін үйренуге жол ашты. Келешек ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуде бұл алған біліміміз өте қажет. Біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін менің кәсіби тәжірибем шыңдалу үстінде. 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі ізденістемін. Оқушылардың …

КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІН ҮЙРЕНІП, инновациялық оқыту сапалы білім берудің кепілі екендігіне көзім жетті Read More »

“ЖАС ҒАЛЫМДАР” ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМЫ

Тіл және әдебиет институты Қазақ филологиясы кафедрасының жанында студенттердің “Жас ғалымдар” атты ғылыми ұйымы жұмыс істейді. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – университет, кафедра аясында өтетін ғылыми іс-шараларға студенттердің белсенді атсалысуына мүмкіндік жасау, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуға деген қызығушылықтарын ояту. Студенттердің ғылыми ұйымы (СҒҰ) қатысушыларына және мүшелеріне кәсіби, ғылыми деңгейлерін арттыруға, болашақта магистратураға түсуге, жас зерттеушілерге …

“ЖАС ҒАЛЫМДАР” ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМЫ Read More »