Петропавл қалалық соты Есіл аудандық ІІБ-нің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды.
Сот үкімімен К.Сәрсенбаев пен Р.Козырев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабы 4-бөлігі “а” тармағы негізінде қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сонымен бірге сотталғандар мемлекеттік органдарда 3 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айрылып, олардың мүлкі тәркіленді.
Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына үкімге қатысты наразылық білдірілуі мүмкін.
Облыстық соттың баспасөз қызметі.