Елена ВИССАРОВА,
“Атамекен одағы” ҚҰЭП облыстық филиалының директоры.
Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас ассамблеясында жасырын дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы 103 дауыс жинап, бельгиялық Льеж қаласының алдына шықты және ЕХРО-2017 көрмесінің өтетін орны болып жарияланды.
ЕХРО-2017 тақырыбы – “Болашақтың қуаты”. Ол бүгінгі күннің және болашақтың да ең өзекті тақырыбы. Көрме қуатта, соның ішінде бәрінен бұрын баламалы қуат көздерінде және оны тасымалдаудың жаңа әдістерінде сапалы өзгерістер жолын іздеуге бағытталған. Бизнес үшін қуат мәселесі өте маңызды және өзекті проблема болып табылады, бүкіл Қазақстанның жақсы тұрмысы оның шешілу жылдамдығына байланысты.
ЕХРО-2017 – еліміздің айшықты жеңісі. Ол Аста-наның ғана емес, Қазақстанның да экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі дамуының жоғары міндеттерін көздейді, сол сияқты Қазақстанның бизнес-қауымдастығы мен ЕХРО-2017 қатысушы-елдері үшін дамудың үлкен болашағы айқындалады. Тұтастай Қазақстанның жаңа даму кезеңі қалыптасады. Жаңа жұмыс орындары құрылатын, Қазақстанға инвестициялар тартылатын болады. Жаңа нысандар құрылысы инвесторларға, жекеменшік бизнеске өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсетуге және қолдануға жағдай жасайды. Нәтижесінде көрме Астана тұрғындары мен қонақтары үшін айтарлықтай алға қадам жасауға, Қазақстан елордасын кейінде басқа мақсаттарға пайдалануға болатын жаңа нысандармен одан әрі құлпырта түсуге мүмкіндік береді.