«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРЛЕРІ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кезінде абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан қызметкерлермен жылы байланысты үзбеуді дәстүрге айналдырғандардың бірі – кәсіптік одақтардың облыстық кеңесі. Аталмыш ұйымның бүгінгі ұжымы өздерінің зейнеткер әріптестеріне Тұңғыш Президент күні қарсаңында тағы бір сый-сияпат көрсетті.

Ардагерлер үшін мұндай басқосулар үлкен қуаныш сыйлары анық. Олардың құрметіне жайылған дастарқан басында қариялар өткен өмірлерін сағына еске алып, қызу әңгіме өрбітті. Олар осынау айтулы мереке күнінде мемлекетіміздің ұстанып отырған саясаты елдегі береке мен бірлікті, ынтымақ пен сыйластықты сақтауға, халықтың ахуалын арттыруға бағытталып отырғандығын тілге тиек етіп, өзіне сенім артқан халқын тура жолмен алып келе жатқан Тұңғыш Президентке үлкен ризашылықтары мен игі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ олар өздерін ұмытпай, жиі кездесіп тұратын облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Жамал Ахметоваға да алғыс айтты.

Кездесу соңында еңбек ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp