«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА шығармашылық қабілетті дамыту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика, информатика пәндері басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Солардың бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.

 

Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күшқуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Өз тәжірибемде оқушыларды түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, оның шартын құра білу дағдысын қалыптастыруға, бір тапсырманың бірнеше шешімін табуға жетелеймін. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталуына, логикалық жаттығулардың олардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуіне мән беремін. Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі.

Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді. Шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. есептерді шығару, талдау жұмыстары жеке – жұппен – топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сонымен қатар, дарынды балалардың математика сабағында жаңа ақпараттық технологияны, Интернет жүйесін қолдануы, шығармашылық ізденістері өзіндік қабілеттерін ашып қана қоймай, жеке бір салаларды дамытады. Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беремін. Оқушылар арасында математика саласындағы шығармашылық сайыстарын ұйымдастырып, ғылыми-практикалық жұмыстарға, пәндік Online олимпиадаларға, әртүрлі конкурстарға қатыстырамын. Аталған жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың өз бетімен ізденуіне жəне өздерінің логикалық ойлау тұрғысынан шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруларына мүмкіндік береді.

Біз ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаларды тəрбиелеп жүргенімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет.

Қорыта айтқанда, мұғалім – оқушының жеке тұлғалық және зияткерлік дамуын жобалаушы. Бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеуді, олардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді.

Бақытжан АТАМАНОВА,

өнер колледжі музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің математика және информатика пәндерінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp