«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МИССИОНЕРЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызға келген төрт дін таратушының әрқайсысына 161 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Аталмыш тұлғалар астаналық мешіттен облыс аумағына 40 күнге иманды тұрғындардың арасында діни өсиет айтуға келген. Олар уағыз айтуды Жамбыл ауданының Пресновка ауылындағы мешіттен бастаған. Бұдан әрі сол ауданның Айымжан ауылына аттанар сәтінде уағызшыларды полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Сот отырысында белгілі болғандай, миссионерлер біздің облысқа келуді ешкіммен келісіп шешпеген, өз сапарлары жайында ресми дінбасыларға немесе мемлекеттік органдарға хабар бермеген. Уағызшылар өз діни қызметін ислам қағидаларына сәйкес жүзеге асырған. Алайда, рұқсат берілген тиісті құжаттары болмай шықты, әрі мемлекеттік органдарда тіркеуден өтпеген. Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғалар сотта өз кінәларын мойындап, жасаған істеріне өкінді.

Жамбыл аудандық соты миссионерлерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 375-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркеусіз миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқық бұзушылығын жасағандары үшін кінәлі деп таныды. Құқық бұзушының әрқайсысы 100 айлық есептік көрсеткіш (161 800 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp