«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САДАҚА ЖӘШІГІНЕ ҚОЛ САЛҒАН САБАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлан МАХМЕТОВ,

 СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Тәртіп сақшылары Сергеевка қаласының тұрғынын садақа жәшігін ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұстады.

Жасалған ұрлық жайында Шал ақын аудандық ішкі істер бөліміне хабар келіп түскен. Қаланың орталық көшесінің бойында орналасқан аяқкиім дүкеніндегі православие шіркеуінің салынуына қаражат жинайтын садақа жәшігі ұрланған екен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел тергеу тобы ұрылар терезені сындырып, темір торды майыстырып, қорапты ішіндегі 5 500 теңгесімен бірге алып кеткенін анықтады. Қылмыс орнында бейнекамералар да, дабылқаққыш та болмаған. Садақа жәшігі терезе алдында тұрғандықтан ұры, тіпті, ғимарат ішіне де кірмеген. Тек терезе түбінде 45-ші өлшемді ер адамның аяқкиімінің іздері қалған. Бір сағат ішінде адам көп шоғырланатын жерлерде іздестіру жұмыстары басталып кетті. Вокзал маңында қылмысты жасауы мүмкін деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тәртіп сақшыларын көрген мас жігіт жасаған қылмысын жасырмады. Кейін анықталғандай, ол вокзал маңынан өтетін автобуспен Қостанай облысына кетпек болған. Нәтижесінде аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Бөлімшеде сұрастыру кезінде жасаған қылмысын толық мойындап, ұрлаған ақшасын ішімдікке жұмсағанын айтты. Терезе алдынан табылған аяқкиім іздері де қылмыстың дәл осы тұлғаның жасағанын дәлелдеп отыр. Өкініштісі, күдікті ұрланған қаржының жартысын жұмсап үлгерген. Жігіт осыған дейін де мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp