«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚЫ СПОРТ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел көлемінде алғаш рет аталып өткен Тұңғыш Президент күнін солтүстікқазақстандықтар сақылдаған аязға қарамастан, сән-салтанатпен қарсы алды. Бұл айтулы күнге орай “Қарасай” стадионында облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен қысқы спорт маусымы ашылды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Саламатты өмір салтын берік ұстанған қызылжарлықтарды облыс әкімі ел тарихындағы жаңа жарқын мейраммен құттықтады.

– Елбасының есімі барша қазақстандықтардың жеңісі және жетістіктерімен байланысты. Шаңғы, коньки тебу мен хоккей ойынында солтүстікқазақстандықтар да алдына жан салмақ емес. Мұны мұз айдынына шығып жүрген спортшылар дәлелдеп отыр. 40-тан астам жерлес спортшы қысқы спорт түрлері бойынша Ұлттық құрамаға енген. Бұл – елеулі нәтиже. Қазіргі таңда облысымызда 130 мұз айдыны мен шаңғы жолдары ашылды. Елді мекендерде де спорттың дамуына көңіл бөлінуде. Әсіресе, конькимен сырғанау спорты дамып келеді. Мұны қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Вадим Шақшақбаев, Владимир Клепинин, Дмитрий Бабенко, Наталья Рыбакова мен Роман Кречтің спортта жеткен жетістіктерінен байқауға болады. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын! Еліміздің гүлдену жолында жаңа жетістіктерге жете берейік! – деді облыс әкімі.

Өңірдегі спорттың дамуы туралы айта келе, облыста екі мыңнан астам спорт кешенінің, 26 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, олардың ішінде 14-інің ауылдық жерлерде орналасқанын, қазіргі таңда 140 мыңнан астам жерлесіміз бұқаралық спортпен шұғылданатындығын атап айтқан өңір басшысы қысқы спорт маусымын ашық деп жариялады. Ашылу рәсімінде түрлі қысқы спорт түрінен жарыстар өткізіліп, “жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар” танылған жеңімпаздар марапатталды.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp