«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ АРҚАУЫ – Көкшетау техникалық институты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Петропавл қаласы №23 мектебінде СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандары “Отанымызды қорғауға үйренеміз” ұранымен кезекті интерактивті сабақ өткізді. Онда, бейнелеп айтқанда, қазіргі жоғары сынып оқушыларын – Отанымыздың болашақ қорғаушыларын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты (КТИ) абитуриенттері қатарына кіруге шақырды.

Бұл шараны табысты өткізу үшін ғаламтор арқылы заманауи байланыс тәсілі қолданылды. Атап айтқанда, “Білім беру саласында ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыстар орталығы” порталы біздің қала және ауданның басқа да көптеген мектептерімен байланысып қана қоймай, жалпы білім беретін мекемелермен дистанциялық нысанда бейнеконференция өткізуге де мүмкіндік береді.

ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы Серік Дүйсембеков КТИ-ге түсудің негізгі талаптарын әскери түрде нақты және түсінікті баяндады. Оның баяндамасы КТИ-ға арналған слайдтар және фильммен сүйемелденді. Балалар институттың күнделікті өмірін көрді, оқу процесімен танысты, курсанттардың осы жоғары оқу орны туралы пікірлерін тыңдады. Шын патриот Отанына деген өзінің сүйіспеншілігін ісімен көрсетуі керек екендігіне Серік Жанболатұлы жоғары сынып оқушыларының көңілін баса аударды.

Интерактивті сабаққа тек төтенше жағдайлар департаменті ғана емес, сонымен қатар СҚО ішкі істер департаменті медициналық қызметі де өз үлесін қосты. Облыстық әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы, полиция подполковнигі Александр Петров оқушыларға әскери-дәрігерлік комиссиядан өту тәртібі туралы түсінік берді.

Интерактивті сабақ барысында оқушылардың көптеген сұрақтарына толық және лайықты жауаптар берілді.

Облыстық ТЖД-нің кадр жұмысы жөніндегі бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp