«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАДІРМЕНДІ ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының тумасы, партия және кеңес қызметінің ардагері, тыл еңбеккері Зәйіт Қаскеев 80 жасқа толды. Соған орай мерейтой иесін облыс әкімі Серік Біләлов қабылдап, оған еңбегіне лайық құрмет көрсетті.

Нұрсайын ШӘРІП,

  “Солтүстік Қазақстан”.

Зәйіт Қаскеев 1953 жылы Петропавл педагогика институтын тарих пәнінің мұғалімі, Алматы жоғары партия мектебін журналист мамандығы бойынша тамамдады. Еңбек жолын бұрынғы “Ленинское знамя”, қазіргі “Северный Казахстан” газетінде тілші болып бастап, облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, Петропавл аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Совет аудандық “Социалистический труд” газетінің редакторы, Соколов аудандық партия комитетінің хатшысы, Бескөл аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы қызметтерін атқарды. 1972 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін 23 жыл табан аудармастан облыстық атқару комитетінде бірер жыл нұсқаушысы, сосын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды.

Осы жылдары 4 мәрте “Құрмет белгісі” орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды.

Облыс әкімі Серік Біләлов жұмыстың барлық кезеңдерінде Зәйіт Тілеубайұлының жоғары кәсіби шеберлігімен, өз ісіне шынайы берілгендігімен және жауапкершілігімен ерекшеленгендігін атап айтып, мерейтойға орай тартутаралғы жасады.

Сексеннің сеңгіріне көтеріліп отырған ақсақалмен әр жылдары қызметтес болған Жақсылық Ысқақов, Құдайберген Қалиев, Зинаида Беева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Александр Иванищев, Қызылжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Серік Алмолдин той иесінің өзіне тән қасиеттері жайлы жылы лебіз білдіріп, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Бұл күндері бақытты ата болып отырған отбасы ұйытқысын той иесінің ұлы Марс Қаскеев те құттықтады.

Зәйіт Тілеубайұлы өзіне көрсетілген зор құрметке ризашылығын білдірді.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp