«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.12.2012

САҚТАУЛЫ ЕКЕН “СЫБАҒА”

Нұрлыбек БҰРТЫБАЕВ, кәсіпкер. “Кәсібі бардың нәсібі бар” демекші, бүгінгі таңда елімізде әр адамның өз ісін ашуы үшін барлық жағдай жасалған. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі артып келе жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауында: 2020 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің …

САҚТАУЛЫ ЕКЕН “СЫБАҒА” Read More »

СҮТ ӨНДІРУШІ ФЕРМЕР 18 ауылдасын жұмыспен қамтамасыз етті

Шал ақын ауданының Ысқақ Ыбыраев ауылы бір кездері егіншілікпен бірге мал шаруашылығын да қатар дамытқан елді мекендердің бірі болатын. Оған Есіл өзенінің жақындығы мен көктемде тасыған су жайылатын алқасының құнарлылығы да барынша жағдай жасайтын. Бұрынғыдай табын-табын мал өрмегенімен, жайылымдық құралақан қалып жатқан жоқ. Соның бір бөлігіне “Әлбина” фермерлік шаруашылығы мал жаяды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. …

СҮТ ӨНДІРУШІ ФЕРМЕР 18 ауылдасын жұмыспен қамтамасыз етті Read More »

ДАНА БАСШЫЛЫҚПЕН ДАМЫҒАН АУЫЛ

Димаш ТАЛАСБАЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен ауыл шаруашылығын дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. Еліміздің агроөнеркәсіптік секторы қайткен күнде де өнім алу міндетіне бағдарланған шаруашылық жүргізу жүйесінен бергі кезеңде үлкен жолдан өтті. Тәжірибелі аграршыларымыз Мемлекет басшысының 1994 жылы тыңның 40 жылдық мерекесінде айтқан кеңшарлар мен ұжымшарларды жекешелендіру және …

ДАНА БАСШЫЛЫҚПЕН ДАМЫҒАН АУЫЛ Read More »

КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Бесінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезекті 10-шы сессиясы өтті. Сессияның қарауына барлығы 11 мәселе қойылған болса, оның ең бастысы – облыстың 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Зиядден Молдағанапов баяндама жасады. Баяндамашы облыстық мәслихат депутаттарының бекітуіне ұсынылып отырған бюджет жобасының өңір басшысы …

КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ Read More »

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды

Сәрсенбі күні СҚО әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Серік Біләлов төрағалық етті. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Онда жасөспірімдердің бақылаусыздығы мен қараусыздығының алдын алу мақсатында мектептерге бармай жүрген жеткіншек балаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы облыстық білім басқармасының бастығы Орал Қаппасов құлағдар етті. Оның айтуынша, жалпыға …

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды Read More »

ЕЛІК АТАМЫЗ ДЕП жауапкершілікке тартылды

Қыстың алғашқы күндері аудандық ішкі істер бөлімінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қорықшылармен бірлескен рейд өткізді. Олар Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласының маңынан атылған екі еліктің етін тапты. Олардың жанынан шаңғышылардың және сол маңайдан қардажүргіштің ізін байқаған. Ізге түскенімен, ол ешқандай нәтиже бермеді. Себебі, қардажүргішті жөндеп, жүргізіп көрген елікті атуға ешқандай қатысы жоқ ауыл тұрғынынікі …

ЕЛІК АТАМЫЗ ДЕП жауапкершілікке тартылды Read More »

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ

Тұрғындардың жәрдемі керек. 2012 жылы 30 тамызда Петропавл қаласындағы Копай кентінде Жамбыл көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жекеменшік кәсіпорынның қоршауы маңынан еуропалық келбетті белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның жасы шамамен 30-40 аралығында. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тіркелмеген. Киген киіміне қарап тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар қатарына жатқызуға болмайды. Үстіне кигені: ашық түсті шолақ шалбар, сұр түсті джемпер, …

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ Read More »

ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕС БЕРМЕДІ

Желтоқсанның 1-2-сі күндері жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өткен ашық біріншілік Тұңғыш Президентіміздің күніне арналды. Жарыста Петропавлдан, өңір аудандарынан, Көкшетау және Ресейдің Қорған қаласынан барлығы екі жүз жеңіл атлетші шеберліктерін сынға салды. Сайыстар жас ерекшеліктері бойынша үш топта өтті. Сол топтарда біздің қаламыздың он екі өкілі жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ бес көкшетаулық спортшы …

ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕС БЕРМЕДІ Read More »

ЖҮЗ ШЕБЕР ЖҰДЫРЫҚТАСТЫ

Петропавлда жекпе-жектен облыс орталығының Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жүз шебері жұдырықтасты. Түрлі жас ерекшелігі бойынша топтарда және салмақтарда Сахават Мирзоев, Руслан Заяккин, Темірлан Бектасов, Қайрат Ғалиханов, Темірлан Омаров, Ернар Ташқараев, Александра Коршунова, (әйелдер арасында) Әлішер Досбаев, Арслан Мұхамеднұров, Қуаныш Данияров, Сапарғали Қайырғалиев, Бақытжан Бақырамбеков, Александр Яговдик, Александр Григорович, Асылхан Әскеров, Кемеңгер Мәлгаждаров, Олжас …

ЖҮЗ ШЕБЕР ЖҰДЫРЫҚТАСТЫ Read More »

ҮЗДІК ҮШТІК АНЫҚТАЛДЫ

Тұңғыш Президент күніне арналған шағын футболдан қалалық турнирге қатысушылар “Қызылжар су” ЖШС-нің спорт залына тоғысты. Бұл жарыс бір айға созылған еді. 1 желтоқсан күні ақтық жекпе-жектер өтті. Бас жүлдені “Қарасай” командасы жеңіп алса, “Томирис” клубының футболшылары екінші орынды місе тұтты. “Авангард” командасы үшінші орынға қол жеткізді.

ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

23-29 қараша аралығында волейболдан ерлер арасында жоғары лиганың бірінші туры болып өтті. Бұл лигада сегіз команда ойнады. Солардың арасында біздің “Есіл-Виктория” клубының волейболшылары да бар. Олар жеті ойыннан кейін жеті ұпаймен турнир кестесінің алтыншы сатысына орналасқан. Жерлестеріміз бес кездесуде қарсыластарына жол беріп, тек екі ойында жеңіске жеткен.

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

Қараша айының соңғы бейсенбісінде даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл (түзету) мектеп-интернатында “Ризашылық” мерекесі төртінші рет аталып өтілді. Бұл мереке Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізіліп, қамкөңіл балалардың өмірлеріне бір сәт болсын қуаныш пен мейірім сыйлап келеді. Биылғы мерекені де балалар асыға күтіп, ерекше дайындықпен қарсы алды. Майра БӨКЕБАЕВА, даму мүмкіндігі шектеулі …

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН Read More »

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕУ

Сәрсенбі күні “Достық” үйінде “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша “Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні” тақырыбында конференция өткізді. Оған өңір мешіттерінің имамдары, қалалық мектептердің мұғалімдері мен студенттер қатысты. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің шырқын бұзуды мақсат еткен теріс ниеттегі ағымдардың бірлік пен толеранттылықты насихаттайтын ислам дініне еш қатысы …

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕУ Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – АШҒАБАДТА

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ашғабадта өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады akopda. kz. Отырыста өңірдегі орнықты даму мен қауіпсіздікке байланысты мәселелер қарастырылды. ТМД елдерінің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы дамыту тақырыбы және жалпы қауіпсіздік мәселесі барған сайын өзара байланысты болып бара жатқанын атап …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – АШҒАБАДТА Read More »

ОМБЫҒА САПАР ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

Шекаралық әріптестікті нығайту мақсатымен облыс әкімі Серік Біләлов бастаған солтүстікқазақстандықтар делегациясы Омбы облысына жұмыс сапарымен барды. Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Есілкөл ауданының Мәдениет сарайы өңір делегаттары бас сұққан бірінші нысан болды. Өнер ошағында 25 клуб пен 15 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Ал шекараға ең жақын орналасқан ауданның 600 адамға шақталған Мұз сарайының қызығын біздің жерлестеріміз де …

ОМБЫҒА САПАР ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ Read More »

ЕЛ ГАЗЕТІ — “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” Қызылжар өңірінде 8 мың данамен тарайтын болады

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Республикалық “Егемен Қа­зақ­стан” газетінің Қызылжар өңі­ріндегі таралымы жыл өткен сайын көбейіп келе жатыр. 2003 жылғы таралымы 2 мың данадан сәл асса, 2009 жылы 5 мыңды құраған. Биыл 7 мыңнан асып жығылған. Олай болатын жөні бар. Еліміз Тәуелсіздік алғалы ана тілімізге деген құлшыныс оянып, ұлттық балабақшалар мен мектептер көп­теп ашыла бастады. Ана …

ЕЛ ГАЗЕТІ — “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” Қызылжар өңірінде 8 мың данамен тарайтын болады Read More »

ӨРТТІҢ ӘЛЕГІ

Жыл басынан бері өңірімізде 783 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 487 миллион теңгенің шығыны келді. Отта 45 адам көз жұмса, оның бесеуі – бала. Ал 32 адам түрлі дене күйігін алды. Өткен аптада 20-дан астам өрт орын алды. Адам шығынынсыз болмады. Тайынша ауданының орталығында орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, оның 72 жастағы тұрғынын құтқару …

ӨРТТІҢ ӘЛЕГІ Read More »

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕР дер кезінде құтқарылды

Көктайғақ пен қалың қар өңіріміздегі жол қозғалысына қиындық тудыруда. Ақжар ауданында “Кішкенекөл-Талшық” автожолында “MAN” жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақта рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетті. Оны жол жүріп бара жатқан екі “КамАЗ” көлігінің жүргізушілері жолға шығарды. Қарлы кедергілер “Омбы-Көкшетау”, “Смирново-Полтавка”, “Казанское-Горьковское”, “Дәуіт-Ленинградское” жолдарындағы жүргізушілерге де кездесті. Өткен аптада 20 жеңіл және жүк автокөліктері қарлы …

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕР дер кезінде құтқарылды Read More »

Болат АЮХАНОВ: “МЕН ӨЗ МАМАНДЫҒЫМНЫҢ ҚҰРБАНЫ ЕМЕСПІН…”

Суреттегі Варвара есімді мына қыз жасының кішілігіне қарамастан, балет сахнасын бағындыруды қалайды. Ол үшін Варя қазірден өзін балеринадай ұстап, жүріс-тұрысына үлкен мән береді. №1 гимназияның 4-сыныбының оқушысы Варвара 4 жасынан “Движение” эстрадалық-хореографиялық миниатюралар ансамблінде бидің түр-түріне машықтанып жүр.

АРМАНҒА ЖОЛ АШАР ШАҺАР

Айсәуле ЖАҚЫПОВА, қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы. Биыл жазғы демалыста Астанаға жолым түсті. Шынымен де, ертегі қала, зәулім шаһардың көрікті жерлерін аралап жүріп, кеудемді мақтаныш кернеді. Есілдің сол жағалауында бой көтерген әсем ғимараттар алыстан мен мұңдалап тұр. Жастарды осында келіп, білім алуға шақырып тұрғандай.