«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлима МҰХАМЕДИЯРОВА,

жұмыспен қамту

орталығының директоры.

Елбасының Жолдауы мен тапсырмаларына сәйкес жұмыспен қамтамасыз ету Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту орталығы жұмысының басты бағыты болып саналады.

Міне, бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жұмыссыз, аз қамтылған азаматтар мен өз ісімен айналысатын тұрғындарды әртүрлі экономикалық қызметтерге қатыстыруды қарастыратын “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бастап Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту орталығы 71 адамды кәсіптік оқуға жіберді.

 

Ауданның 32 кәсіпорны мен ұйымында әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Мұнда тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін 70 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды. Бұл бағдарлама арқылы жұмыссыз азаматтардың отбасына жалақы түрінде 7281,0 мың теңге кіріс түсті. Орташа жалақы мөлшері 49000 теңгені құрайды, бюджеттен төленетіні – 24500 теңге.

Алған мамандықтары бойынша алғаш тәжірибе жинақтау үшін жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 92 жас түлек арнайы қарастырылған жастар тәжірибесімен қамтылды. Бірақ түлектердің жалақысын (27830 теңге) жұмыс беруші емес, мемлекет төлейді. Бұл әлеуметтік қолдау түрін жүзеге асыруға биыл 9478,0 мың теңге бюджеттік қаражат қарастырылған, 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін 7902,0 мың теңге игерілді.

Биыл кәсіптік оқуды 23 бағдарламаға қатысушы аяқтады, соның ішінде 13 адам – 2011 жылы кәсіптік оқуға жіберілгендер және 10 адам – биыл қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсынан өткендер. 1 қазандағы мәлімет бойынша 23 адам (100%) жұмыспен қамтылды, соның ішінде 13 адам – кәсіптік оқуды бітіргендер, 8 адам – қайта даярлау курсын және 2 адам – біліктілігін арттыру курсын аяқтағандар. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап конкурс нәтижесі бойынша тағы төрт жұмыссыз азамат “медбике-2”, “фельдшер-2” мамандықтары бойынша оқуға кірісті. 2011 жылы жіберілгендерден облысымыздың колледждерінде ауданымыздың 17 азаматы кәсіптік оқуды жалғастыруда.

Екінші бағыттың міндеттерінің бірі ауылдық кәсіпкерлікті қолдау болып саналады. Бұл бағыт аясында қарыз алушыға 5 жылға дейін мерзімге жеңілдетілген несиелер беріледі. “СК-Финанс” ЖШС несие беру комитеті біздің ауданымыз бойынша 2011-2012 жылдар ішінде 40 адамның бизнес-жобаларын қарастырып, жалпы көлемі 85,91 млн. теңге несие берді. Несиенің басты бөлігі – 19 несие немесе 47,5 пайызы – мал шаруашылығын дамытуға берілген, халыққа қызмет көрсету саласына – 11 (27,5%), өндірістік салаға – 8 (20%) және өсімдік шаруашылығына (жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру) – 2 несие (5%). Өз ісінің ашылуы және бар бизнестің кеңейтілуі екінші бағыттың қатысушыларына 57 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының үшінші бағыты экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын отбасыларды экономикалық дамуы жоғары елді мекендерге өз еркімен көшіруге жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының тұтастығын арттыру шараларын қарастырады. Бұл бағыт аясында қызметтік тұрғын үй беру және көшу үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Біздің аудан бойынша экономикалық дамуы төмен бес елді мекен белгіленген. Олар: Малқара, Жұмысшы, Қарамырза, Золотая Нива, Береке ауылдары. Осы елді мекендерден 22 отбасы бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары болады және көшуге субсидия алады (отбасы иесіне – 10 АЕК және отбасы мүшелеріне – 5 АЕК).

11 қазанда 10 үйдің кілті салтанатты түрде үй иелеріне тапсырылды. Еңбекке жарамды отбасы мүшелеріне тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасуға жәрдем жасалады. Осы мақсатпен ауданның жұмыс берушілері жұмысқа қабылдау бойынша 27 ниет хаттамасын ресімдеді. 19 адам жұмысқа жарамды, соның ішінен 8 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оқу жылының басынан бастап Кішкенекөл ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде “аспаз-сатушы” мамандығы бойынша 10 айлық курстар ашылды. Көшіп келген отбасылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 3 адам жоғарыда көрсетілген мамандықтарды алуға ниет танытты. Қалған 8 адам қараша айында түскен бос вакансияға орналастырылды. Қалған 12 үйдің кілті 16 желтоқсанға дейін тапсырылады.

Биыл “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы “Ауылдық елді мекендерді дамыту” атты қосымша бағытпен толықтырылды. Бұл бағыт ауылдық елді мекендерді қайта құру, күрделі немесе ағымдағы жөндеу жолдары арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Бұл бағыттың ерекшелігі, барлық құрылған жұмыс орындарының 50 пайызын жұмыссыздар жұмыспен қамту орталығы арқылы алады. Осы жылы біздің ауданымызда 2 жоба жүзеге асырылды, бұған республикалық бюджет қаражатынан 43616,0 млн. теңге бөлінді. Бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде қосымша 45 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Мұндағы 21 жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрған аз қамтылған және өз ісімен айналысатын азаматтар үшін. Бағдарламаның жаңа бағытының арқасында алдымен Чернигов орта мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдер енді жылы жерде оқып, жұмыс істей алады. Қулыкөл ауылындағы Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталды. Жөндеу жұмыстарында сегіз адам еңбек етті, соның ішінде төртеуі жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрғызылған.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp