«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІК АТАМЫЗ ДЕП жауапкершілікке тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыстың алғашқы күндері аудандық ішкі істер бөлімінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қорықшылармен бірлескен рейд өткізді.

Олар Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласының маңынан атылған екі еліктің етін тапты. Олардың жанынан шаңғышылардың және сол маңайдан қардажүргіштің ізін байқаған. Ізге түскенімен, ол ешқандай нәтиже бермеді. Себебі, қардажүргішті жөндеп, жүргізіп көрген елікті атуға ешқандай қатысы жоқ ауыл тұрғынынікі екен. Аулаларды және қару сақтайтын сейфтерді тексеру барысында қолда бар лицензия бойынша еліктерді табиғатты қорғау ережелерін бұзып атқан Булаево қаласының екі тұрғыны белгілі болды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, лицензиялары мен жолдамаларының күші жойылды.

Сондай-ақ Айыртау ауданының Саумалкөл ауылының 3 тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтыру үшін материалдар жиналуда. Олардың аңшылық қаруға толы “УАЗ” автокөлігін аудандық ішкі істер бөлімінің лицензиялық рұқсат беру жүйесінің инспекторы, полиция майоры Әбілғазы Ғабдулин тоқтатқан. Көліктен аңшылық қаружарақтан басқа, еліктің еті де табылған. Қаруларды тексерген кезде аңшылардың бірі тіркелмеген “ТОЗ-58” мылтығын ала шыққаны әшкереленді.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp