Петропавл қаласы 2012 жылғы 30 қараша №9/5
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. “Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы №5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 29 қазандағы №8/19 шешімі жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ІХ сессиясының төрағасы
С. АХМЕТБЕКОВ.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Қ. ЕДІРЕСОВ.