Көктайғақ пен қалың қар өңіріміздегі жол қозғалысына қиындық тудыруда. Ақжар ауданында “Кішкенекөл-Талшық” автожолында “MAN” жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақта рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетті. Оны жол жүріп бара жатқан екі “КамАЗ” көлігінің жүргізушілері жолға шығарды. Қарлы кедергілер “Омбы-Көкшетау”, “Смирново-Полтавка”, “Казанское-Горьковское”, “Дәуіт-Ленинградское” жолдарындағы жүргізушілерге де кездесті.
Өткен аптада 20 жеңіл және жүк автокөліктері қарлы кептелісте қалды. Аудандық әкімдіктің, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің, жол полициясы басқармасының, шұғыл әрекет ету топтарының күшімен жол қардан тазаланып, аталмыш көліктер кептелістен шығарылды. Осыдан кейін жолдағы жүру қозғалысы қайта қалпына келтіріл ді.